Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Өтесте өткен рухани кеш
Добавлено: 07.09.2018
қаралды: 25

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Маңғыстау ауданына қарасты Өтес ауылында Өтес орта мектебінің мәжіліс залында Халықаралық отбасы күніне орай Маңғыстау ауданының 90 жылдығы қарсаңында «Ауданға танымал жанұялар» атты тақырыптық кездесу кеші өтті.

Кездесу қонағы - Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы, 85 жастағы көнекөз қария, шежіреші, өлкенің ақын - жыраулар мұраларын жас ұрпаққа жеткізуші - Убайдулла Құлмұратов.

  Шараны ұйымдастырушы аудандық жастар орталығы қолдаушы Өтес орта мектебі. Ал кешті  жастар орталығының басшысы Аллаберген Қонарбаев жүргізді.

У.Құлмұратов - 60 жылға жуық Жармыш, Өтес  ауылында, «Күркіреуік» фермасында техника саласында жүргізуші және қарапайым жұмысшы болып қызмет жасаған адам.

Өзінен өрген 10 баланың әкесі Убайдолла ақсақал бүгінде 20 немере, 10 ға жуық шөбере сүйген бақытты атаның бірі. Ақсқаладың ерен еңбек және өнегелі өмір жолы жастарға үлгі боларлықтай дүние.

Убайдолла ақсақал - жастармен кездесуде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық салт дәстүріміз бен ырым-тыиымдарымыз, өлкенің ақын жазушылары, Адайдың жеті қайқысы, бес жүйрігінің шығармаларын жастарға кеңінен насихаттады.

«Мен осы күнге дейін 8 жылдық мектепте оқыдым.Одан соң училищені бітірдім. Бала кезімнен көп қиындықты көрдім. Жалаңаяқ мектепке барып, қағаз жоқ уақыттарды да бастан кешірдім. Мен Николай заманын да Ұлы Отан соғысын  да , тыл жерлерді игеру жылдарында бүгінгі заманды да көрген бақытты адаммын. Сондықтан сендерге айтарым сендер керемет заманда өмір сүріп отырсыңдар.Мен бала кезімде оқыған  Абай мен Шәкәрімнің, Қашаған мен Ақтанның жырларын жаттап өскен адаммын. Әлі күнге дейін бәрін есімде сақтадым.» дейді Убайдолла ақсақал.

Шара соңында Өтес ауылының әкімі Н.Ұлықпанов 85 жасқа толған ауылдың қарт тұрғынға ата дәстүр салтымыз бойынша иығына шапан жапты. А.Қонарбаев  жастар атынан естелік  сыйлықтар мен Алғыс хат табыс етті. Кеш соңында жастар өз сауалдарын қойып, естелік суретке түсті.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы