Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Электронды декларациялау жүйесін енгізу - сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мүмкіндігі
Добавлено: 06.09.2018
қаралды: 23

  Жаңа кодекстің негізгі ұстанымы - кедендегі бизнес үдерістерінің автоматтандырылуы. Бұл,  Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Ұлт Жоспары: 100 нақты қадам» бағдарламасының 38 қадамын іске асыру щеңберінде электронды декларациялауды енгізу және оны жетілдірудің жүзеге асырылуы екендігін  жеткізді.

  Бүкіләлемдік Сауда Ұйымының  сауданы жеңілдету бойынша Келісімінің  талаптарына сәйкес әзірленген жаңа жүйеде, қандай да бір растайтын құжаттарды тіркеу қажеттілігі жоқ. Барлық керек мәліметтер декларацияда көрсетіледі. Қағаз түрінде  декларациялау, тек техникалық ақаулар болған жағдайда ғана жүргізіледі.  Егер де, бұзушылықтар анықталмаған жағдайда кеден органдарының ақпараттық жүйесі, декларацияларды лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз автоматты түрде шығарылатын болады.

  Яғни, декларацияны жасыл дәлізбен автоматты түрде шығару сыртқы экономикалық қызметке қатысушы мен мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің арасындағы тікелей байланысты болдырмай, тиісінше, жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу мүмкіншіліктерін арттырады.

  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының тоғызыншы бағытына арналған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» , одан әрі Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі, Бесінші басымдылығы – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты белгіленген.

  Елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, себептерін анықтау және оларды жою жұмысын күшейту бағытындағы 18.11.2015 жылы  бекітілген №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Қазақстан Республикасы заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Ал, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, осы Заңның 13, 14 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтындығын атап өтті.

  Сонымен қатар, Заңның 18 бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган және өзге де субъектілер, жеке және заңды тұлғалардың жататынын ескерсек, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған  қарсы іс-қимыл шараларын жүргізу, тек уәкілетті немесе мемлекеттік органдармен атқарылатын жұмыс емес, бәрімізге ортақ шара болып табылады.

  Маңғыстау ауданы бойынша  Мемлекеттік кірістер басқармасы


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы