Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Тіл – ұлттың азығы!
Добавлено: 06.09.2018
қаралды: 68

Бүгін осындай тақырыпта 5 қыркүйек Қазақстан Халықтарының тілдер күніне және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы және аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Шетпедегі Маңғыстау техникалық колледжінде патриоттық жиын өтті. Шараны жастар  орталығының басшысы Аллаберген Қонарбаев жүргізді.

Бұл шараның мақсаты - Қазақстан халықтарының  тілдерін сыйлауға шақыру, ана тіліміздің мемлекеттік тіл қазақ тілін кеңінен насихаттау негізінде  қазақстандықтардың бірегейлігі мен ұлттық бірлігін нығайту болып табылады сондай ақ ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын жастарға кеңінен үгіттеу.

Шараға тіл жанашырлары еңбек ардагері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ә.Кекілбаевтың сыныптас досы Алдаберген Құрмашев, колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, тыл маманы Амалхан Нұрнияз, жастар орталығының басшысы Аллаберген Қонарбаев  және  колледж ұстаздары мен  студенттер, ауылдың белсенді жастары қатынасты. 

Шарада А.Құрмашев қазіргі таңдағы жастардың ана тілімізді бұрмалап сөйлеп, керексіз жаргондарды пайдаланып жүргендігін тілге тиек етті. «Әрбір жас ана тілдің қадірін түсіну керек, ол мемлекеттік басты құралы сондықтан да елдің мерейі ана тілдің мерейі екендігін түсіну әрбіреуімізге парыз. Ал латын әрпіне келетін болсам мен қолдаймын. Латын әрпін менің әке шешем өте жақсы меңгерген. Менің әлі күнге дейін латынша жазылған туу туралы куәлігім сандықта сақтаулы.Өзім де аздап латынша түсінемін. Латын әлемдік  әріп. Оны меңгерсек жаман болмаймыз.»деді.

Бұдан соң А.Нұрнияз «Бүгінгі күні елімізде 130 ға жуық әртүрлі ұлттың өкілдері бақытты өмір сүріп жатыр. Сондықтан өзге тілдерді біліп сыйлау ол азаматтық парызымыз. Сондықтан бұрынғы кеңес өкіметінің тіл бағытындағы жүйесін жойып жаңа заманауи тіл ағылшын, қытай тілдерін меңгеруді жастар үйрену керек деп ойлаймын » деп кесіп айтты.

  Шарада Ахмет Байтұрсыновтың «Жұртыма», «Ақын ініме» атты өлеңдерін колледж студенттері Айдос Орынбайұлы мен Жандос Өмірзақовтар нақышына келтіре оқыды.  Жастардың өнеріне жиналған қауым риза болды.

  Шара барысында жастар тілді құрметтеу мен ол жайында ұсыныс ойларын айтты.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы