Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
«Қаламқас» кенорнында мұнайшылар күні өтті
Добавлено: 05.09.2018
қаралды: 31

Биылғы мұнай және газ қызметкерлері күні Маңғыстаудағы алғашқы мұнай бұрқағының атылғанына 57 жыл. Атаулы шара «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасында жоғары дәрежесінде аталып өтілді. Қалашықтың хақ ортасынан қараша үйлер тігіліп, әдемі сахнада мұнайшы көркемөнерпаздар той көрігін қыздырды. Мерекеге арналған салтанатты жиында Маңғыстау ауданының әкімі Ж.Айтуаров, "Маңғыстаумұнайгаз" Акционерлік қоғамының Басқарма мүшелері, Бас директор Бақыт Иманбаев, Бас директордың бірінші орынбасары Лю Цзиньчэн құттықтау сөз сөйлеп, өз саласында сүбелі үлес қосқан мұнайшыларды құрметтеді.

Қаламқас кен орнында дәстүрлі ұлы той. Себебі, Маңғыстау мұнайшылар осы күнді ерекше қарсы алады. Сіркіреген ақ жауын, аспанда қаптаған ақша бұлттар мерекелік көңіл күйге әсер ете алмады. Қаламқас өндірістік басқармасының кәтепті қара нардай қара алтыншылары өз мейрамдарын көңілді өткізді.

Сахна төріне басқарма басшылары мен аудан әкімдігінің  өкілдері көтеріліп  мұнайшыларды төл меркесміен құттықтады.  Бұдан соң еңбегі елеулі озат мұнайшыларға басшылық тарапынан Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын табыс етті.

Сосын сахнаға шыққан сахна саңлағы, сазгер әнші Лұқпан Жолдасов бастаған  өнерпаздардың әндері жүректен жүрекке жетті.

Кешті ұйымдастыруға мұрындық болған "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Бас директоры Бақыт Иманбаев та осы кен орнының түлегі.

Ол компаниядағы жақсы өзгерістерге тоқтала кетті. Бақыт Иманбаев - "МаңғыстауМұнайГаз"АҚ бас директоры: "Қаламқас" кенорны өтекемелденген, үлкенкәсіпорын. Бұлжердентәулігі 11200 жылдықбағаменберетінболсақ,4 млн 200 мыңдаймұнайөндіріліпотыр.Солмұнайдыңыстықсуығынатөзіп, қиыншылығыныңбәрінжеңіпкележатқан мінемұнайшылар. Әлеуметтікмәселелержөніндедеүлкен шараларжасалыпжатыр.2016-2018 жж 2 млрджоғарыауылшаруашылығы өнімдерін  алуға бастама  көтерген.  Бұлжалғасынтаппақ.«Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасы - бүгінгі таңда мың жарымнан астам қызметкері бар қуатты компания. Жылдың басынан бергі өндірген мұнайы - 2,7 млн тонна. Басқарма дағдарыста дағдарып қалмай, дамылсыз жұмыс жасап келеді. Жұмысшылардың жұмыс орнын сақтау, әлеуметтік қорғау шаралары -  басты назарда.»дейді.

Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы