Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Әбіштің сөздері жазылды
Добавлено: 05.09.2018
қаралды: 33

Дала дарыны , Әбіш Кекілбаевтың әрбір даналық сөздері қазақ жұрты үшін маңызы жоғары. Әлем әдебиеті мен қазақ әдебиеті үшін заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың еңбектері әлі талай жас ұрпақ үшін азық болары сөзсіз. Осы орайда халық жазушысының  ел арасында кеңінен танымал орамды ойлары мен  сүбелі сөздерін одан әрі  ел арасында насихаттау үшін Онды Шетпе бағытындағы асфальт жол бойына  дана Әбіштің 20 ға жуық дара сөздері жазылып қойылды.

Мақсат – кемеңгер жазушының әрбір сөзін тұрғындар және жас ұрпақ үшін есте сақтауға және дара Әбіштің даналы сөздерін ел жадында мәңгі насихаттау болып табылады.

Елдің ауызбірлігі мен ынтымағын күшейтіп ғана қоймай, болашаққа деген зор сеніммен үкілі үмітті үдететін үрдісті қолға алып жолға қою патриотизмнің басты шарты екені рас. Бұл ретте ауыл әкімі Батырбек Балапанов былай дейді: «Бұл шара 2006 жылы қолға алынып іске асырылған еді. Ол уақытта ауыл әкімі Бақтыбай Ізімтаев деген азаматтың  қолдауымен жасалынған еді. Биыл біз де осындай оңтайлы шараларды қолға алып, жалғастырып жатырмыз.Бұл ретте Ондыға кіре беріс жерге екі үлкен билборд орнаттық. Келер жылы Әбекеңнің 80 жылдығына ауылымыздағы орта мектепке бюстін орнатуды қолға алып отырмыз. Сондай ақ басқа да көптеген іс шарлар жасақтадық.» дейді.

Ия, қазақта «ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді» демекші көзі тірі кезінде әулиеге теңелген Әбіштің  сөзі мен қалдырған ізі бүгінгі жас ұрпақ үшін  мәңгі қалары сөзсіз. Осындай игі шараны яғни, Әбекеңнің әрбір даналық сөздерін Маңғыстаудың қай ауданы, тіпті қай ауылы болмасын көше бойымен жол бойына жазылып ілінсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Ол енді уақыттың еншісінде.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы