Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Әбіш Кекілбайұлы атағы берілді
Добавлено: 04.09.2018
қаралды: 39

Сүйінші! Жуырда ғана Маңғыстау ауданы Онды ауылында жағымды жаңалық орын алды. Жаңа оқу жылында ауылдағы Онды орта мектебіне халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы есімін берді. Бұл ақжолтай жаңалықты мектеп басшысы Мыңберген Қаратауов  айтты.

Жаңа оқу жылын 270 оқушымен басталған оқу орны биылғы жылын ерекше ыждағаттылықпен жұмысын бастап отыр. Бұл мектеп аудандағы мектептер қатарында білім жағынан болса да тәрбиелік іс шаралар бағытынан болсада алдыңғы орындарда келеді. 

Өткен оқу жылынан бастап мектепте «Әбіш оқулары» аудандық жастар байқауы және  «Әбіш әлемі» атты жас ақындар мүшайрасы өтіп келеді. Мектептің әл ауқаты замана талабына сай негізделген. Мектеп жанында «Тұңғыш Президент» кабинеті, «Әбіш Кекілбаев кітапханасы» сияқты жастар үшін қолайлы жағдай жасалған орталықтар жұмыс жасайды.

Бұл мектептің сыртқы және ішкі көрінісі Ұлыбритания мектептерінің  құрылысы жүйесіне ұқсатылып жасалған. Мектептегі білім беру жүйесіде жоғары сапалы деңгейде. Өткен жылы үш оқушы, биылғы жылы бес оқушы «Алтын белгі»  иегері атанды. Жастардың оқуға құштарлығы ерекше. Мектеп кітапханасында «Әбіш шығармалары» бұрышы жасақталған. Әбіш Кекілбаевтың үш тілде жазылған кітаптары мектеп төрінен орын алды.

«Біздің мектептің оқушыларының бір артықшылығы кез келген оқушыдан Әбіш атамыздың кез келген шығармасын оқып бер десе бәрі де тоқтамастан айтып береді. Сондай ақ мектептегі әр кабинетте Әбіш атаның шығармалары мен еңбектері туралы мәліметтер топтастырылған. Келер жылы Әбіш атамыздың 80 жылдығына да көптеген іс шарлар  жоспарлап отырмыз. Соның бірі Әбіш атаның еңселі ескерткішін қою. Бұл ескерткіш Әбішке ғана емес  әдебиетке қойылған ескреткіш болады деп ойлаймын.» дейді мектеп басшысы Мыңберген Қаратауов.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы