Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Жаңа білім ордасы есігін ашты
Добавлено: 01.09.2018
қаралды: 42

1 қыркүйек - Білім күні. Осы атаулы мерекені Маңғыстау ауданы жағымды жаңалықпен қарсы алды. Аталмыш жаңалық Шетпедегі 7 мектеп лицейінің ашылуымен тұспа тұс келді. 

Салатантты жиын таңғы 9.00 де басталып әдемі киім киінген мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы мектеп алдында жиналды. Ата әжелер мектепке алғашқы оқу жылында немерелерін әкеліп жатса енді бірі екінші сыныпқа барып жатыр. 

Салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталды. Оқушылар оң қолымен  көкіректеріне қолдарын қойып әнұранды әдемілеп айтты.

Бұдан соң жаңа оқу жылымен оқушыларды құттықтау  үшін сөз аудан әкімі Ж.Айтуаровқа берілді. Ж.Айтуаров: «Биылғы жыл – мерей тойлы жыл. Астананың 20 жылдығы, облысымыздың 45 жылдығы, Ақтау қаласының 55 жылдығы, Маңғыстау ауданының 90 жылдығы және жақында өткен Каспий маңы елдерінің Саммиты ел мәртебесін асқақтатуда. Бүгін біз дәстүрлі тамыз конференциясында білім саласындағы атқарылған жұмыстарға баға беріп, ой-пікірлерімізбен бөлісіп, жаңа оқу жылындағы міндеттерді айқындау үшін жиналып отырмыз.  Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айқындап берген болатын. Осы орайда Маңғыстау  ауданының білім беру мекемелері жүйелі жұмыс атқаруда. Аудан мектептерінің компьютерлік техникамен қамтылуы 1 компьютерге келетін оқушылар саны орта есеппен аудан бойынша 15 оқушыны құрайды. Ауданның 20 жалпы білім беретін мектебі кең жолақты интернет желісіне қосылған (Боздақ бастауыш мектебінен басқа). Робототехника элементтерін мектеп пәндеріне енгізу оқушылардың қызығушылығын арттырып, білім беру үрдісін түрлендіреді. Ауданымызда 6 жалпы білім беретін мектептерде (Шетпе гимназиясы, Б.Жұмалиев, А.Меңдалыұлы, Е.Айшуақұлы, Қаратөбе, С.Нұрниязұлы) робот құрастыру және техника үйірмелерін енгізу үшін қажетті роботты техника жабдықтарымен қамтылды.

  «Жастарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу және өндірістік технологияға кірістіру – басты міндеттіріміздің бірі» болуы тиіс. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік  бағдарламасын, оның ішінде білім беру жүйесін цифрландыруды, сонымен қатар  ІТ және инжинирингтік қызмет дағдыларын дамытуды жүзеге асыру қажет. Осы мақсатта 2017-2018 оқу жылында С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаты мен Қаратөбе орта мектебінде ІТ-сыныбы  ашылды, 2018-2019 оқу жылында ауданның 4 мектебінде ашылу жоспарланып отыр.  «Жасыл мектебім-жасыл мекенім» жобасы аясында аудандағы білім беру ұйымдарында 7 жылыжай (Е.Айшуақұлы, А.Өтепбергенов, С.Жаңғабылов, Ә.Кекілбайұлы, Жармыш, Қаратөбе) ашылды.    «Ауыл көшбасшылары» жобасының нәтижесі бойынша 10 оқушы Алматы қаласындағы және 19 оқушы Ақтау қаласындағы теңіз жағасындағы тренингтік лагерьде оқып, демалды.«Кәсіпкер боламын» жобасы аясында 5 мұғалім оқытылып, елімізге танымал кәсіпкерлер мен бизнес –тренерлерден дәріс алды. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.Баланың дамуындағы осы кезеңнің маңыздылығы білім беру қызметіне одан әрі табысты дайындықтың негізі ретінде жылдан-жылға артып келеді.   Қазіргі кезде 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту ауданда 95 пайызды  құрайды.  Қазіргі уақытта аудандағы балабақшаларда электронды түрде жолдама беруді іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін барлық балабақшалар аталған жүйеге көшеді. Электронды үкімет пен «Е-әкімдіктің» интеграция арқылы жолдама беру процесі автоматтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамту мақсатында 2018 жылдың аяғына дейін Шетпе ауылынан 75 орындық және 100 орындық 2 жекеменшік балабақшаларды іске қосу жоспарланып отыр. Биылғы оқу жылында Ащыбұлақ шағын ауданынан 600 орындық «№ 7 мектеп-лицейі» өз жұмысын бастайды. Ұжымға сәттілік тілеймін!» деді.

Бұдан соң облыстан келген өкіл Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының басшысының орынбасары Аманғали Нұрдаулетов сөз алып: «Ұстаз беделі қоғам үшін қашанда биік. Білім беру ісі – бұл тамыры тереңде жатқан, нәтижесі бір күн немесе бір жылда көрінбейтін, болашақтың дамуына негіз болатын құндылық екені бәрімізге белгілі. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында  қоғамдық сананы жаңғыртудың басты шарттарының бірі - фундаментальді  негізі патриотизм болып табылатын өзіндік ұлттық мәдени-генетикалық кодты сақтау екендігіне  тоқталды. Адам  бойында  шынайы  Отан сүйгіштік сезімін тәрбиелеу өз ауылына, оның тарихы мен мәдениетіне, дәстүрлері  мен  тіршілігіне деген сүйіспеншілікте, мақтанышта, адалдықта, Отан алдындағы адамгершілік парызда көрініс табады. Облыс, аудан бойынша бұл бағытта жасалып жатқан жұмыстарды ерекше атауға болады. Жаңа мектеп құтты болсын. Білімді де дарынды шәкірттеріңіз көп болсын.»

Салатантты жиыннан соң қонақтар «Отаным менің Қазақстаным»атты Елбасының оқу кітабын балаларға таратты. Жиынның соңы мектеп лицейдің ішін аралаумен ұласты.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы