Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Ата заңға – зор құрмет
Добавлено: 29.08.2018
қаралды: 60

Кеше осындай тақырыппен 30 тамыз Қазақстан Республикасы Конситуция күніне орай  Маңғыстау ауданы әкімдігінің «Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ  ұйымдастыруымен аудандағы мекеме, кәсіпорындардың жастарымен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, жұмысшы жастар арасында  бильярдтан турнир  өтті.

Бұқаралық спортты дамытып, Елбасының биылғы «Қазақстан 2050» халыққа жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау, сондай ақ салауатты өмір салтын ұстануды  мақсат еткен аталмыш шараға аудан орталығында орналасқан мекемелердің мамандары мен белсенді жастардан онға жуық жастар қатынасты.

Жастардың бос уақытын тиімді өткізуге ыңғайлы бұқаралық  спорттың бұл түріне жастар белсенділігі алабөтен болды. Жарыс болған соң жеңіс те бар жеңіліс те болатын анық. Ойын командалық есеп бойынша ұйымдастырылды.  Қызу да тартысты өткен турнирде Шетпе ауылының «Жастар» құрама командасы жүлделі бірінші орын алып құрамында (Бекмағұлов Аманбек, Қосмағанбетов Қыдырбек) «Жастар» кубогын иеленді, ал екінші орынды аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің «Мықты» құрама командасы құрамында ( Башенов Асхат, Аманқосұлы Еркебұлан) иеленсе, үшінші орынды «Ардагер» командасы құрамында (Тілегенов Сабақбай, Едіге Үбынаев) иеленді . Ал «үздік ойыншы» атағын Мақсотов Оспан иеленді.  Аталған ойыншыларға және барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Бүгінгі шараға жастар  мен жұмысшы жастар жоғары белсенділік танытты. Осындай шаралар жастар мен тұрғындар арасында жиі ұйымдастырылып тұрса Елбасының межелі міндеті яғни халықтың 30 пайызы спортпен шұғылдануы керек деген тапсырмасы сөзсіз орындалады деп есептеймін.»  дейді «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі  Әлібек Сұлтанғалиев.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы