Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Ата Заңым - Ардағым
Добавлено: 30.08.2018
қаралды: 37

Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Әз Тәукенің жеті жарғысы қазақ тарихында жазылмаған дала заңы. Сайын даланың төсін еркін емген қазақтай ұлттың ұлылығы сол, тарауы мен бабы болмаған дала заңына бабалары бұлжытпай бағынды. Ал, балалары бұл күнде егемен елдің Ата Заңына зор құрметпен қарайды. 

Мемлекеттің бірінші тірегі әлбетте Ата Заңы. Ата Заң - мемлекеттің айбатын, қайратын және қауқарын бірден аңғартады. Ата Заңды басыну -  басы бүтін мемлекет құндылығына қол сұғушылықпен бірдей. Сондықтан, Ата Заң ең қасиетті, ең құнды және мемлекеттің басты құжаты.

  Биыл Қазақ Ата Заңының қабылданғанына 22–ші жыл. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы екінші мәрте Ата Заңды жаңғырттық. Уақыт талабы, заман ағымына қарай бейімдеу сол кездің сұранысына сай еді. Он жеті жылда өзінің  өміршеңдігін көрсете білген Ата Заңымыз барлық тарапты қамтыған. Қағидалары қастерлі, қалыс және қалтарыста қалған бабы жоқ. Адам құндылығы мен құқығы, ар – ождан, мемлекеттің меншігі мүмкіндігінше қорғалған.

  Ата Заң күнін атап өту біздегі дәстүр. Бұл – басты құжаттың құндылығы болса керек. Мерекелік күнді аудан жұртшылығы да салтанатты түрде атап өтті. Орталық алаңда мерекелік шара өтіп, жергілікті билік жұртшылықпен жүздесті. Салтанатты жиынға Маңғыстау ауданының әкімі Жармағанбет Айтуаров, аудандық мәслихатының хатшысы Абзал Сарбалаев, мәслихат депутаттары мен түрлі қоғамдық ұйымдар өкілдері, ардагерлер мен жастар, тұрғындар қатысты.  Жиын барысында аудан әкімі Ж.Айтуаров құттықтау сөз сөйледі.

- Осыдан жиырма екі жыл бұрын, 1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық Референдумда Қазақстан азаматтары, осы отырған бәріміз, еліміздің жаңа Конституциясы үшін дауыс берген болатынбыз. Сол кезде негізгі заңды қабылдау бойынша өткізілген жалпы халықтық референдумға сайлаушылардың 90пайызы қатысып, оның 89 пайызы еліміздің жаңа даму бағыты үшін дауыс берді. Бұл дегеніміз Конституция заңдық және рухани-адамгершілік күші бар, бүкіл көпұлтты  Қазақстан халқының ортақ туындысы екенін айғақтайды. Егемен қазақ елінің негізгі жетістігі де, байлығы да болып табылатын бір тұтастық пен бейбітшілікті сақтауда Конституциямыздың атқарар рөлі ерекше. Конституция - біздің арайлы азаттығымыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары! Ол елдігіміздің алтын арқауы толағай табыстарымыздың бастау қайнары! Баршамызға өнегелі қағидаттар ұсынатын ұстанымымыз, жасампаз жарғымыз - Ата Заңды айрықша құрметтеуіміз керек, - деп атап өтті өз сөзінде аудан әкімі Ж.Айтуаров.

Иә, Ата Заңды құрметтеу баршамыздың міндет, парызымыз. Сөз бостандығы, дін мен ұлтаралық тұрақтылық, ынтымақ пен ымыра һәм экономикалық өркендеу және демократиялық жаңару біздегі жетістік. Еркін адамзаттық қоғам құруға бет алған қазақ елінің қарышты қадамының дара жолы бұл. Жайлы өмір мен жаңа белес бағындырған Қазақ Конституциясының өміршеңдігі осыдан – ақ айқындала түседі. Салтанатты жиында бір топ аналар «Алтын алқа», «Күміс алқа» медалдарымен  марапатталды.

Шара соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы