Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Тамыз мәслихаты өтті.
Добавлено: 29.08.2018
қаралды: 79

Бүгін Шетпедегі аудандық мәдениет үйінде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атпен кезекті дәстүрлі аудан ұстаздарының Тамыз мәслихаты өтті.

Аталмыш мәслихатқа аудан әкімі Ж.Айтуаров және оның орынбасары Е.Махмутов, мәслихат хатшысы А.Сарбалаев, ауданның бас ұстазы С.Қалиева және 200 ден астам ұстаздар қатысты.

Жиында Ж.Айтуаров мырза 2017-2018 ж.ж ауданның білім беру саласындағы даму жетістігі мен кейбір кемшін тұстарын айта келе Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағытындағы бағдарламасына сай аудан мектептерінің бүгінгі ахуалы көңіл қуанарлықтай. Сондай ақ биылғы жылы Ашыбұлақ ауылында 800 орындық мектеп пен екі жекеменшік балабақша ашу жоспарланып отырғандығын қаперге берді.

Кеңесте аудандық білім бөлімінің басшысы Светлана Қалиева, Алшын Мендалыұлы атындағы орта мектеп директоры Қалжан Еңсегеновалар сөз алып, кәзрігі таңдағы  білім жаңалықтары жайында, баяндамаларын оқыды. 

Тамыз маслихатында сондай ақ биыл мектеп оқушылары  25 алтын белгі иеленіп жоғары жетістікке қол жеткізгені үшін аудан әкімі Ж.Айтуаров  30 ға жуық ұстаздар мен ұжым мүшелерін құттықтады. 

«Орынды жерде айта кету керек биылғы ауданның білім саласындағы жеңістері мен жетістіктері ерекше болды. Өткен жылындағы мықты мектептері мен үлгілі ұстаздарды бүгін марапатталды. Аудан өткен оқу жылында 25 оқушы "Алтын белгі" иегері атанды. Ауданның білім саласы облыс бойынша алдыңғы үздік үштікке кірді. Мереке құтты болсын.» дейді аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Еркін Мажитов.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы