Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Ядролық қарусыз қоғам - Қазақстандық трэнд және Ата заң!
Добавлено: 29.08.2018
қаралды: 66

Бүгін Шетпедегі «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында 29 тамыз Семей ядролық алаңының жабылған күніне орай және30 тамыз ҚР Ата заң күні қарсаңында басқосу жиыны өтті. Аталмыш іс-шараны «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырды. Шараға партия төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Айбарша Ордабаева, «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі Аллаберген Қонарбаев және түрлі спорттық жарыс  жеңімпаздары, Шетпедегі студенттік ұйымдардың көшбасшылары және ауданға қарасты «Жас Отан» ЖҚ белсенді мүшелері қатысты.

Жиынды А.Қонарбаев ашып жүргізіп отырды. А.Қонарбаев:  «29 тамыз – қазақ халқына қасiрет пен үміттi қатар сыйлаған күн. 1949 жылы 29 тамызда полигонда алғашқы сынақ жасалса, 40 жылдан астам уақыттан кейiн дәл осы күнi Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сынақ полигонын жабу туралы Жарлығы шықты. Бұл күн халықтың қасіреттен құтылуына жол ашты, бүгінде бүкіл әлем осы датаны Халықаралық ядролық сынаққа қарсы iс-қимыл күнi ретінде атап өтеді. Сондай ақ кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат - Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Осыдан жиырма екі жыл бұрын, 30- тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Өткен 22 жылдан бері мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі - Ата заң қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.»деді.

Бұдан соң сөз алған  партия төрағасының  бірінші  орынбасары А.Ордабаева: «Бүгінгі басқосу жастар үшін мәні терең жиын. Себебі бүгін Семей ядролық сынақ алаңының жабылған күні. КСРО күйрегеннен кейін 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Ал сол жылдың 29 тамызында Қазақ СССР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылған болатын. 29 тамыз – қазақ халқына қасiрет пен үміттi қатар сыйлаған күн екендігін ұмытпауымыз керек.  Сондай ақ тоқтала кететін  бір жайт, Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады екен. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат енді ғана 22 жасқа толып отыр. Әрине, тарих ауқымымен айтқанда, бұл азғантай ғана мерзім. Десе де, осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Ал көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. Бұның өзі Ата заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек.» деген ойын жткізді.

Жиын барысында белсенді жас, футболшы, аудандық жастар құрама  командасының мүшесі Ноян Даржок: «Сонымен биыл 22 жасқа толған Конституция тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымызға даңғыл болып, елдің бетке алған бағдарының тұтастай бөлігін қамтып отыр десе де болады. Алайда, заман ағымына қарай Негізгі заңымыздың өзгеріске ұшырауын да ешкім жоққа шығара алмасы анық. Дегенмен, қазіргі һәм өмір бойғы басты міндетіміз Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны қатаң ұстану. Яғни, басты талап - Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеп қорғау, ал оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау республикамыздың әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс.29 тамыз күннің ұлылығы -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарылыстардың үнін өшірген Семей сынақ алаңын жабу туралы Жарлығы – еліміздің ең басты жетістігі. Тәуелсіздіктің ширек ғасырында алынған асулардың барлығы тек бейбіт өмірдің арқасында мүмкін болды. Қазақ елінің тәуелсіздігі баянды болғай!» деп ойламын.

Жиынды ұйымдастырушылар  жастардың пікірі мен жоспарымен бөлісудің маңызы зор екенін айтып, жиындағы жастардың белсендлігіне  жоғары баға берді.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы