Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Заң саласының ардагері
Добавлено: 28.08.2018
қаралды: 79

Бүгін Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 30 тамыз ҚР Конституция күніне орай Маңғыстау ауданының 90 жылдығы қарсаңында, елімізге танымал судья, сот саласының ардагері, Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы  - Итемген Орынбаевпен кездесу өтті. Кездесу аудандық Жастар орталығында ұйымдастырылды. Кездесу сұхбатты орталық басшысы Аллаберген Қонарбаев жүргізді.

  Итемген Орынбаев 1938 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылында дүниеге келген. ҚазҰУ-ға 1962 жылы заңгер мамандығына түсіп, 1967 жылы сол мамандықты бітірген. ЖОО-нан кейін Итемген Атырау қалалық, Маңғыстау аудандық прокуратураларында тергеуші болып жұмысқа тұрды. 1970-1987 жылдары Маңғыстау, Бейнеу аудандық соттарының төрағасының қызметін атқарғаннан кейін, 1987-1994 жылдары Жаңаөзен қалалық сотының төрағасы, судьясы болып еңбек етті. 1994 жылдан бастап 2005 жылға дейін И.Орынбаев Маңғыстау аудандық сотының төрағасы және судьясы қызметтерін атқарған.

Ол ұзақ жылдар бойы сот саласында мінсіз қызмет атқарып, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты үйлестіріп, жұртшылыққа әділ сот билігінің биіктігін жеткізген.  Сот тәжірибесіндегі маңызды тақырыптар туралы мақалалары  жергілікті басылымдарда жарық көрді.  Жас судьяларға ұдайы тәжірибелік көмек көрсетіп, оларға ұстаздық етті. Судьялар қауымдастығын нығайтудағы белсенді қоғамдық жұмысы және сот қызметін ұйымдастыру мен жетілдірудегі елеулі үлес қосқаны үшін бірнеше мерекелік медальдармен, грамоталармен марапатталған.

Кездесуге аудан жастары мен бірге «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері қатыстырылды. Кездесуде Итемген Орынбаев өзінің еңбек және өмір жолын бүгінгі сот саласының хал - ахуалы жайында өз ойларын ортаға салды.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы