Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Ата заңым ардағым!
Добавлено: 27.08.2018
қаралды: 64

Бүгін осындай атпен 30 тамыз Қазақстан Конституция күніне орай және Маңғыстау ауданының 90 жылдығына орай аудандық жастар  ресурстық орталығының өткізуімен жастар арасында ұлттық Тоғызқұмалақ ойындарынан турнир болып өтті. Жарыстың мақсаты – Ата заңы күні  қарсаңында ауданның 90 жылдығына орай Маңғыстау спортшыларының даңқты дәстүрлерін жалғастыру, жастар арасында тоғызқұмалақты насихаттау, жастар арасында татулықты нығайту, ауыл жастары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оларды патриоттыққа тәрбиелеу, жас спортшылардың шеберлігін арттыру.

Жарыс олимпиадалық есеппен ойнатылып, жарысқа Шетпедегі барлық білім беру ұйымдары ұзын саны 8 команда қатысты. Жарысқа тікелей басшылықты сондай ақ бас төрешілікті Мұңалбай Мұқанов атқарды. Жарыста  шетпелік жастар белсене қатысып, ұлттық ойындар  тартысты өтті.

Жарыстың мәресінде жүлделі 1 орынды «Алшын жастары» құрама командасы, 2 орынды «Берекет қырандары»» командасы, 3 орынды «Атымов жалыны» командасы місе тұтты.

Жарысқа қатынасқан белсенді жастар ынталандыру сыйлықтары мен Алғыс хаттарға ие болды. Жарыс жеңімпаздары «Аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ нің грамоталары, медалдары және кубоктарымен марапатталды.

«Бүгінгі мерекелік спорттық шара құтты болсын. Аудан жастары мен оқушылар арасында өткен жарысқа зияткер жастар белсенділік танытты. Қуаныштымын. Осындай ұлттық ойындар жастар арасында  жиі өтіп тұрса нұр үстіне нұр болар еді» дейді Мұңалбай Мұқанов.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы