Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Мейірімді жастар!
Добавлено: 09.08.2018
қаралды: 11

Бүгін аудандық жастар орталығында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен "Нұр Отан" партиясы Маңғыстау аудандық филиалының тізбектік кестесіне сай ауыл жастарымен "Мейірімді жастар" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге жастар орталығының басшысы, «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі Аллаберген Қонарбаев, аудандық орталық мешіттің наиб имамы Ербол Айнақұлов, Маңғыстау облысы діни басқармасының аудандағы өкілі Азамат Басбеков және "Нұр Отан" партиясы МАФ өкілі Айгүл Орынбаева сондай ақ "Жасыл ел" еңбек жасағының жастары мен аудан орталығында қайырымдылық істерімен көзге түскен белсенді және ерікті жастар қатынасты.

Шараның мақсаты – ауыл жастары арасында адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік, имандылық жайында жастарға кеңінен насихаттау және аудан имамының ақыл кеңестерін тыңдау болып табылады.

Шарада наиб имам Ербол Айнақұлов: «Аудандық орталық мешіт жанынан «Иман нұры» жастар қайырымдылық тобы жұмыс жасайды. Өткен жылдан бері 500 ден астам мүжәлсіз және жағдайы жоқ отбасыларға азық түліктер мен киім кешектер, қаржылай сыйлықтар таратып келеді. Аллаға шүкір ауыл жастарының қайырымды жүректері әлі күнге дейін жарымжан жандарға қолғабыс етуде. Мұның өзі  мейрімділіктің шүкір көптігін көрсетіп отырдеді.»

  Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады дейді шараны ұйымдастырушы жасотандықтар. Осыретте айта кету керек аудандық жастар орталығы мен «Жас Отан» жастар қанаты бұл күнге дейін 30 ға жуық еңбек және тыл ардагерлері мен 50 ден астам мүжәлсіз отбасыларға көмектесіп жәрдемдесті.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы