Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Жас депутатпен кездесті
Добавлено: 07.08.2018
қаралды: 54

Бүгін Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Lectorium" жобасы аясында Маңғыстау ауданы мәслихатының  жас депутаты, «Абат» ЖШС директоры, жастар жанашыры Абат Жұмалиевпен кездесу өтті. Кездесу аудандық Жастар орталығында ұйымдастырылды. Кездесу сұхбатты орталық басшысы Аллаберген Қонарбаев жүргізді.

Кездесуге аудан жастары мен бірге «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері қатыстырылды. Кездесуде Абат Жаукеұлы бүгінгі аудандағы жастар ахуалы мен  ауданның 90 жылдығы жайында өз ойларын ортаға салды.

«Маңғыстау ауданы даму үстінде. Құдайға шүкір аудан, қала, облыс жастары еліміздің өсіп өркендеуіне бір адамдай ат салысып келеді.  Бұл ретте аудан әкімдігі тарапынан қолдаулар бар. Маңғыстау аудан мен облысында саяси  өмір тұрақты. Өзім депутат болғаннан бері бірнеше мәрте аудан әкіміне бірнеше мәселелерді алға тарттым. Оның ішінде жол мәселесі, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, спорттық мәдени демалыстарын ұйымдастыру сияқты ұсыныстарды көтердім.  Бұл мәселе алдағы уақытта шешімін табатын болады. Оған үміттер де жоқ емес. » дейді Абат Жаукеұлы.

Жиында ауыл жастары  өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Жиын соңында жастар мен тұрғындар Абат Жұмалиевпен естелік суретке түсті.

«Мен бүгінгі кезедесуден ерекше әсер алдым. Абат Жұмалиев 25 жасында депутат болып халықтың алғысын арқалаған жан. Әкесі де елдің елеулі азаматтарының бірі болғанын білемін. Аудандағы жастар мәселелері өз шешімін табуда. Мен қуаныштымын және ризамын.  Абат ағай сияқты мен де саясаткер болғым келеді. » дейді Шетпелік белсенді жас Шұғыла Қорабаева.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы