Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Мұражайдағы маңызды кездесу.
Добавлено: 06.08.2018
қаралды: 57

Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам аз шығар. Баспа немесе ғаламтор беттерінен шет елдердегі және Қазақстандағы діни ахуал, соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мәліметтер жетерлік. Бұл аталған мәселенің ғаламдық деңгейде орын алып отырғандығының белгісі.

Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас. Дегенмен, діни экстремизм  мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ.

Міне осындай мәселелерді талқылап, халық алдында алдын алу және түсіндіру үшін  бүгін Шетпедегі С.Қондыбай атындағы мемориалдық мұражайы ұжымында Маңғыстау ауданы әкімдігі жанындағы ақпараттық түсіндіру тобының қатысуымен алқалы жиын өткізілді.

Жиын тақырыбы "Ислам атын жамылған ағымдардың әрекеті: оларға сипаттама". Жиынға аудандық ақпараттық түсіндіру тобының жетекшісі Аллаберген Қонарбаев, Маңғыстау облысы діни басқармасының өкілі Азамат Басбеков және ауданның бас имамы Құралбай Амалбайұлы сондай ақ С.Қондыбай атындағы мемориалдық мұражайының директоры Рима Бердиева мен ұжым мүшелері қатынасты.

Жиында А.Қонарбаев : «Қазірде діни экстремизм мен терроризм ұғымы ислам дініне таңылған қауіпті қосымша екендігі өкінішті ақиқат болып отыр. Ғасыр басындағы қарулы қақтығыстар жиі орын алған Ауғаныстан, Ирак, Израиль-Палестина аймақтарындағы террактілік актілерді ислам атын жамылған радикалды топтардың өз мойындарына алуы ориенталисттік бағыт ұстанушылардың «ислам терроризмі» теориясын іс жүзінде дәлелдеп бергендей болды. Бұл жағдай Қазақстандағы діни экстремизмнің табиғатын айқындай түседі. Өйткені, тәуелсіздік алғаннан кейінгі діни жаңару халықтың басым бөлігінің исламға бет бұруы ата дінімізге үлкен сұраныс туындатты. Кеңестік кезеңдегі діни мамандар дайындаудың тоқтатылуы, сәйкесінше қажетті мамандардың жетіспеуі, ұстанымы басқа шет елдік ислам мамандары мен уағызшыларының елге ағылуының басты себептерінің бірі болды. Мұндай уағызшылардың арасында радикалды бағыттағы, экстремистік көңіл күйдегі («Хизбут Тахрир», «Таблиғи жамағат», уахаббилер т.б.) топтардың өкілдері болды.» деді. Басқосуда ауданның бас имамы Қ.Амалбайұлы : «Діни экстремизм арнайы оқулықтарда діни экстремизм «басқа дін ұстанушылар мен дінді ұстанбайтындарға төзімсіздікті уағыздау, өзге діндерге нақты бір діни ілім шеңберінде қарау, бағалау. Басым жағдайларда діни экстремизм дінге қатысты болмай, саяси немесе өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін, нақты бір дін қағидаларын жамылғы ете отырып зиянды әрекет ету» деп көрсетіледі.» деді.

А.Басбеков: « Құралбайдың айтқан сипаттамаларды негізге ала отырып қарастыратын болсақ жоғарыда айтылған дәстүрлі емес діни ағымдардың ұстанымдарын экстремисттік деп бағалауға болады. Елімізде мұндай ағымдардың таралу аймақтары да әр түрлі. Сарапшылар пікіріне сүйенсек, жихадқа шақыратын экстремисттік ағымдар еліміздің батыс өңірлерінде кең таралған. Олар бұл үдерісті батыс өңірінің экономикалық қуатына, яғни мұнай шикізатына қызығушылық (аталмыш топ мүшелерінің мұнай құбырларынан мұнай ұрлау фактілері анықталды), Ресеймен шекараластық, әсіресе, «әлемдік жихад» экстремистік тобы әрекет ететін Астрахан облысымен шекараластық, сондай-ақ, халықтың дәстүрлі ислам қағидаларынан хабарсыздығын алға тартады.» деген ойын айтты.

Жиында мұражай басшысы Р.Бердиева сөз алып: «Діни мәселе Қазақстанда өзекті болып тұр. Ол үшін заң қолдану керек. Тәртіп пен заң мықты болса кез келген дүмше молдалар ел арасына келіп іріткі салмас еді.» деді.

Жиында мұражай ұжымының мүшелері түрлі сауалдарын қойып тұщымды жауаптарын алды.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы