Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Жасылелдіктерге тренинг өтті.
Добавлено: 06.08.2018
қаралды: 14

Бүгін Шетпедегі  «Жастар орталығында» Маңғыстау аудандық  жастар ресурстық орталығы  және «Жас Отан» ЖҚ-нің бірлесе ұйымдастыруымен жастарға арналған «Бастамашылық пен белсенділік» тақырыбында ауқымды семинар-тренинг болып өтті.

Шараға аудан «Жасыл ел» еңбек жасағы мен Маңғыстау техникалық колледжінің  белсенді студенттері қатысты. Жастарға арналған бұл шараның мақсаты туралы әңгімелеген психолог  Дина Өтепберегнованың мәлімдеуінше, «Ауылдың белсенді студенттерінің қатысуымен өтіп жатқан бұл семинар-тренингтің көздегені - Маңғыстау ауданының жастар ресурстық орталығында еріктілер корпусын қалыптастыру. Бұл семинар-тренингке 40 қа жуық жас қатысуда. Олар семинар-тренинг және шеберлік сағаты аталатын 2 бөлімнен тұрады Біріншісі  «Бастамашылық» және «Белсенділік» тақырыбындағы тренинг ретінде өтуде. Шарадан күтетін нәтижеміз – біз жастарды осындай қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы жастардың белсенділігін, біліктілігін арттырып, ертеңгі күні олар біздің еріктілеріміз болсын дейміз, яғни еріктілер санын көбейтуді көздейміз.

«Бастамашылық» тақырыбын алғандағы себеп – жастар қоғамдағы өзекті мәселелер бар екенін айтқанмен, оларды қандай жолдар арқылы шешу керектігін біле бермейді. Сондықтан жастардың өздеріне мүмкіндік беру арқылы мәселелер жөнінде сұрап біліп, оларды бүгінгі таңдағы жұмыссыздық, жемқорлық, экология мәселелері, тіл және жерге қатысты қоғамда резонанс туғызған мәселелер толғандыратынын білдік. Енді жастарды белсендіру арқылы соларды шешудің жолдарын іздестіреміз. «Белсенділік» сабағында жастар әлеуметтік жобаны қалай жазу керек, ол қандай критерийлерге жауап беруі қажет деген мәселелерге үйренді. Жастарды ұйымшылдыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойдық осы шараны өткізу арқылы және жастардың ерікті топтарын құруды көздедік. Жастарды еркін форматта бір-бірімен таныстыру мақсатында түрлі сергіту ойындарын ойнаттық және де әлеуметтік жобаларды қалай құру жөнінде пікір алмасып, өзекті мәселелерді шешудің жолдарын іздестіруге ынталандырдық. Жастардың арасында өз жобаларын ұсынғандар да болды.Бастама – жақсы. Жастардың түсінігі артқаны байқалды. Біздің мақсатымыз – еріктілер тобын құру екенін түсіндіріп, ауыл жастарының өмірін кеңінен насихаттап. Жастарды қайырымдылықпен игі істерді атқаруға шақырдық, яғни, көздеген нәтижемізге жеттік. Еріктілер тобын құрдық. Әрине, біз мұнымен шектеліп қалмаймыз, алда әлі де оқу орындарына барып, ерікті жастардың қатарын толықтыратын боламыз, -деп мәлімдеді  Дина Жолдасбайқызы.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы