Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Итемген Орынбаев - 80 жаста
Добавлено: 20.07.2018
қаралды: 47

Бүгін "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Маңғыстау ауданының 90 жылдығы қарсаңында Шетпедегі аудандық мәдениет үйінде "Қазылыққа да қасиет керек" атты шара өтті.

Шараның мақсаты - ҚР Құрметті судьясы, сот саласының сайыпқыраны, Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы Итемген Орынбаевтың 80 жасқа толуына орай еңбек ардагерінің еңбек және өмір жолын насихаттау.

Жиынды журналист - ақын Аллаберген Қонарбаев әдемі жүргізіп отырды. Шарада аудан әкімі Жармағанбет Айтуаров сөз алып:«Итемген Орынбаев Маңғыстаудың  әділет және сот саласында алтын әріптермен жазылатын есім. Өйткені 40  жылдан астам уақыт бойы сот төрағасы болған адамның еңбегі ерекше. Ол Маңғыстау, Қарақия, Бейнеу, Жаңаөзен аудан, қалаларында сот төрағасы болып абыройлы еңбек етті. Бүгінгі мерейтой құтты болсын. Итемген Орынбайұлының ел үшін жасаған қызметі әлі талай ұрпақтың жадында қалатыны сөзсіз» деді. Ж.Айтуаров  мерейтой иесінің иығына шапан жапты.

Шарада Маңғыстау облыстық соттың өкілдері судьялар Гүлажар Бақытжанова, Ақтау қалалық сотының төрағасы Кенжалиев Малик, судья Молбаева Айжан, Маңғыстау облыстық судьялар одағының төрағасы Бисенов Рахымжан, аудандық соттың судьясы Серікқали Бердібековтер құттықтау сөз алып, Иекеңе құттықтау арнауларын оқыды.

Шарада журналист А.Қонарбаевтың И.Орынбаев туралы дайындаған «Әділеттің ақ туын ұстаған жан..» атты деректі фильмі көпшілік назарына ұсынылды. 

Шарада ҚР мәдениет қайраткері Амандық Көмеков пен әнші жыршы Алпысбек Оңайбайұлы  ән мен жырдан шашу шашылып, керемет көңіл күй сыйлады.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы