Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Маңғыстау мақтанышы - Манарбек Бисекеновпен кездесу
Добавлено: 18.07.2018
қаралды: 32

Бүгін Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Lectorium" жобасы аясында ҚР ұлттық дәрежедегі жаттықтырушысы, ҚР спорт шебері, Ақтаудағы мамандандырылған «Жас Батыр» мектебінің директоры Манарбек Бисекеновпен кездесу өтті. Кездесу аудандық Жастар орталығында ұйымдастырылды. Кездесу сұхбатты орталық басшысы Аллаберген Қонарбаев жүргізді.

Кездесуге аудан жастары мен бірге жас спортшылар, аудандық спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатыстырылды. Кездесуде Манарбек Жұбатқанұлы бүгінгі Маңғыстау спорты соның іші самбо мен дзю до бағыты бойынша  өз ойларын ортаға салды.

«Маңғыстау спорты даму үстінде. Құдайға шүкір аудан, қала, облыс жастары еліміздің бірнеше дүркін чемпиондары атануда. Бұл ретте облыс әкімдігі тарапынан қолдаулар бар. Маңғыстау облысында спорт мектеп интернатын салу керек. Интернат болса база жасақталып, аймақ жастары жан жаққа кетпей өз қаламызда дайындалып, оқып, білім алып, олимпиадалық жарыстарда топ жаратын еді. Мен бұл ұсынысымды бірнеше мәрте облыс әкіміне айттым. Бұл мәселе алдағы уақытта шешімін тапса нұр үстіне нұр болар еді.» дейді Манарбек Жұбатқанұлы.

Жиында ауыл жастары  өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Жиын соңында жастар мен тұрғындар Манарбек Бисекеновпен естелік суретке түсті.

«Мен бүгінгі кездесуден ерекше әсер алдым. Манарбек Жұбатқанұлы 24 Қазақстан чемпионын, 12 әлем чемпионын даярлаған мықты маман. Спорт атты сиқырлы әлемді өзім жақсы көремін. Мен бұл күні Шоқыр Бөлтекұлы атындағы спорт мектебінің оқушысымын. Манарбек ағай сияқты мен де мықты палуан болғым келеді. » дейді Шетпелік жас спортшы Мұрат Мырзаев.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы