Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Аудан жастары - Айнұр Асқарқызымен кездесті.
Добавлено: 13.07.2018
қаралды: 61

Бүгін Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Lectorium" жобасы аясында Халық емшісі, сынықшы, ел алғысын арқалаған азаматша Айнұр Асқарқызымен кездесу өтті. Кездесу аудандық мәдениет үйінің фойесінде ұйымдастырылды. Кездесу сұхбатты орталық басшысы Аллаберген Қонарбаев жүргізді.

Кездесуге аудан жастарымен Шетпе халқы және ауыл аймақтардан көптеген тұрғындар қатыстырылды. Кездесуде Айнұр Асқарқызы "Рухани жаңғыру" бағыты бойынша сондай ақ ұлттық салт дәстүр, ырым - тиым және отбасылық, жанұялық мәселелер бойынша өз ақыл кеңесін ұсынды.

«Қазіргі таңда адам баласы өзінің емес өзгенің тағдырын талқылауға көп уақытын жұмсайды. Ол дұрыс емес. Әр адамбаласы өзінің өмір жолын дұрыстауы керек. Сондықтан көп уақытты әр адам өзіне жұмсауы керек. Ол уақытты қалай жұмсауы керек десем кітап оқуы керек, Үйде үлкен кісілер әжелер мен аталар болса солардан көп ілім алуы қажет деп ойлаймын.Олар көненің көзі. Мен өз басым ата әжемнің қолында өстім. Сол арқылы парасаттылық пен ілтипаттылықты, адамгершлік пен тәрбиені бойыма сіңіріп өстім. Мен оған өкінбеймін.» дейді Айнұр Асқарқызы. 

Жиында ауыл тұрғындары өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Жиын соңында жастар мен тұрғындар Айнұр Асқарқызымен естелік суретке түсіп, ақ тілек, баталарын арнады.

«Мен бүгінгі кездесуден ерекше әсер алдым. Айнұр апайды әлеуметтік желілерден жиі көретін едім. Енді міне сол Айнұрмен бетпе - бет көрісуге мүмкіндік алдым.  Айнұр апайдың  адам баласының іщкі рухани әлемін дөп тануы, онымен адамдармен сөйлесуі ерекше дегім келеді.» дейді Шетпе селосының тұрғыны Іңкар Закрашова.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы