Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Жас ақындар мүшайрасы
Добавлено: 05.07.2018
Просмотров: 32

Бүгін мерейлі  мереке Астана күніне орай  Шетпедегі аудандық балалар өнер мектебінде аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Астана - бақ ордасы елімнің»  атты аудандық жас  ақындар мүшайрасы болып өтті. Мүшайраға он беске жуық ауданның әр түкпірінен жас ақындар қатысты.

Ақындарға  ақын Бірғали Байекеев, журналист Аллаберген Қонарбаев, ақын  Ағилаш Өміровалар қазылық жасады. 

Мүшайраға қатысушы ақындар екі бағытта жырларын ортаға салды біріншісі Туған жер патриоттық бағытта екіншісі елордамыз Астана қаласы жайында жырларын ұсыну болды.

Жаздың жайдарлы  мерекесіндегі додада бірінші орынды Қызандық ақын Шалғынқызы Нұрландық, екінші орынды Шетпелік ақын Балзия Тінәлі, үшінші орынды Жаку Айнұр иеленді.

Шара соңында барлық жас ақындар ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттарға ие болды. Келген жас ақындардың барлығына Алғыс хаттар мен сый сияпаттар көрсетілді.

«Мен осы мүшайраға алғаш рет қатысып тұрмын. Жыл сайын облыстық мүшайраға қатысып келемін. Мүшайраға ризамын. Алдағы уақытта осындай мүшайралар өтіп тұрса нұр үстіне нұр болар еді. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Мерейлі Астанамыздың мәртебесі артып, көркейе берсін.Жиырма жылдық  мереке құтты болсын. » Сай өтес ауылының тұрғыны Рафхат Алмат


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы