Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
«Адал жол - честный путь» эстафетасы Бейнеуге берілді.
Добавлено: 04.07.2018
Просмотров: 39

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Маңғыстау облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы, сондай-ақ Астана қаласының 20 жылдығына орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық марафон бастау алған болатын.

Іс-шараның мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық көзқарасты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, барша  әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады.

Бүкіл әлемге еліміз тұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Осы орайда «Адал жол- честный путь» атты облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон Маңғыстау ауданының барлық ауылдарын аралады. Әр түрлі шаралар өз деңгейінде өткізілді. Атап өтетін болсақ жастар орталығының ұйымдастыруымен «Жемқорлықсыз қоғам - болашақ кепілі» дөңгелек үстелі, сондай «Алға жүру»  марафоны сияқты шаралар өтті. 

Бүгін эстафета туы Маңғыстау ауданынан Бейнеу ауданына табысталды. Шараға ардагерлер, жастар, мемлекеттік бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты.  Шараға Маңғыстау ауданынының әкімі Ж.Айтуаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі облыс бойынша  департаментінің басшысы әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Жанназарова, арнайы мониторинг тобының төрайымы Рухия Жаркенқызы,  «НұрОтан» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева, аудандық маслихат хатшысы А.Сарбалаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Маңғыстау ауданы бойынша мониторинг топтың төрағасы Б.Ниязов қатысып, сөз сөйледі.

Эстафетаны Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Үміт Әділқызы қабылдады.  Сонымен бірге аудан ардагерлері, ауыл әкімдері, мектеп, кәсіпорын директорлары, бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттарынан құралған командалар арасында волейболдан жарыс өтті. Шарада «Отпан» ансамбілі мен «Ақтілеу» әжелер ансамблі өнер көрсетсе,  аудан жастары жастар флешмобын биледі.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы