Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Астанам - бас қалам
Добавлено: 29.06.2018
қаралды: 64

Бүгін Шетпедегі Алшын Мендалыұлы атындағы орта мектеп жанындағы ашық спорт алаңында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 6 шілде  Астана күніне ауыл жастары арасында шағын футболдан турнир өтті. Аталмыш ашық турнирге ауылдың жастарынан құралған төрт құрама командалары қатысып бақтарын сынады.

Өткізілген турнирдің ашылуына  жастар орталығының басшысы Аллаберген Қонарбаев құттықтау сөзбен ашты. «Бүгінгі ашық турнир елордамыз Астананың  биылғы жиырма жылдығына тұспа тұс келіп отыр. Ауыл жастары спортқа бейім және осындай турнирлерді жиі өткіземіз. Жасыл ел еңбек жасақшыларымен ауылдардан келген жас командаларға сәттіліктер тілейміз » деді А.Қонарбаев.

Бір күнге созылған спорттық сайыс олимпиадалық стандартпен ойнатылып, тартысты өткізілді. Әсіресе, Тұшыбек ауылының «Отпан» командасы мен «Жасыл ел» жастар құрама командалары өте тартысты ойын өткізді.

Жарыс болған соң жүлде болатыны сөзсіз. Сонымен жүлделі бірінші орынды «Шетпе жастары» құрама командасы, екінші орынды Тұщыбек ауылының «Отпан» құрама командасы, үшінші орынды  «Жасыл ел» құрама командасы  місе тұтты.

Ал ұйымдастырушылар тарапынан әртүрлі аталымдар бойынша, яғни «Үздік шабуылшы» - Ербол Жұмаханов, «Үздік қақпашы» - Бекболат Қуанышов, «Үздік ойыншы» - Даржок Ноян, «Үздік  қорғаушы» - Қонысбаев Дастан иеленді. Қатысқан және жеңімпаз командаларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы  заттай және командаға арналған киімдермен мен дипломдар табысталды.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы