Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
«Алға жүру» марафоны өтті.
Добавлено: 16.06.2018
қаралды: 163

Өткен сенбіде  Маңғыстау облысы әкімдігі Мемлекеттік қызмет жүйесінің 20 жылдығына орай және ҚР Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі облыс бойынша  департаментінің ұйымдастыруымен «Алға басу – движение вперед»  атты мемлекеттік қызметкерлер және тұрғындар арасында қайырымдылық жүгіріс өтті. Аудандағы марафонға қатысқан әрі жүлделі болған марафонға 300 ден астам адам қатысты. Маңғыстау ауданы әкімдігімен ұйымдастырылған марафонның жүгіру қашықтығы  10 шақырым болды.

Аудан әкімдігінен басталатын марафонға қатысушылар алдында сөз алған Маңғыстау ауданы әкімі Ж.Айтуаров : «Марафон ауданымызда алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Мақсат – жастардың спортқа  құлшынысын арттыру, тұрғындар арасында бұқаралық спорт түрін дамыту. Сондықтан сіздерді  спортпен жиі айналысып жүруге шақырамын, -деп марафонға  қатысушыларға сәттілік тілеп, бірге жүгірді. Марафонда сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы МАФ төраға орынбасары А.Ордабаева, аудандық дене шынықтыру және спорт, мәдениет бөлімінің жас маманы Н.Ерсұлтановалар  сөз алып, көпшілікпен бірге жүгірді.

Марафонға  мекемелер мен ұйым қызметкерлері, студент жастар мен шетелдіктер көптеп қатысты. Марафон соңында «Өрлеу» МКК жас өнерпаздары әннен шашу шашса, Жас Отандық жастар «Жастар алға» флэш мобын ұсынды. Марафонға қатысушылар «Дом» қайырымдылық үйіне көмектесу мақсатында «Қайырымдылық» жәшігіне қаржылай қолдау көрсетті. 


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы