Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Қоғамдық келісім – тұрақтылық кепілі.
Добавлено: 14.06.2018
қаралды: 67

Бүгін Шетпедегі «Нұр Отан» партиясы МАФ да осындай тақырыпта дөңгелек үстел өткізлді.  Аталмыш дөңгелек үстелге  «Қоғамдық келісім» РМК аудандағы өкілі Ж.Ермекбаева, партияның МАФ  төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева, «Жас Отан» ЖҚ МАФ төрағасы А.Қонарбаев және Қазақстан Халқы ассамблеясының аудандық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. 

  Қоғамдық келісімді іске асыруда жетекші рөлді аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық Кеңесі атқарады. Халықтар достығын нығайтуда бұл институтқа қоғамдық бірлестіктер мен  ұйым өкілдері енгізілген.

Қазіргі таңда этно–мәдени орталықтар осы кеңестер арқылы әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғап, қарапайым халықты толғандыратын түрлі мәселелерді шешуде жергілікті атқарушы билікпен әріптес болып отыр.

Жиында баяндамашы А.Ордабаева 2018 жылдың алты айы барысында партияның Орталық аппаратының хаттамалық тапсырмасының негізінде, жалпы қазақстандық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған аймақтық этникалық топтардың мәдениетін, дәстүрлерін, тілдерін одан әрі қалыптастыру мақсатында ауданда орналасқан 3 ірі компаниялар мен кәсіпорындарда («Қазақстан темір жолы», «Қазақтелеком», «КазТрансГазАймақ», «Қазпошта», «Каспийцемент» ЖШС қоғамдары мен «Маңғыстау жылу су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары) Қоғамдық келісім кеңестері құрылып, жүйелі  жұмыс атқарып жатқанын мәлімдеді.

   «Қоғамдық келісім» РМК өкілі Ж.Ермекбаева өз сөзінде Шетпедегі «Каспийцемент» ЖШС де 47 әртүрлі ұлттың өкілдері еліміздің әр түкпірінен келіп, бір шаңырақ астында бірлікте жұмыс жасап жатырған жұмысшылармен  өзара пікір алмасып, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік және азаматтық институттардың өзара іс-қимылын жандандыруда, осы өзара іс-қимылдың тетіктерін жетілдіру мақсатында тәжірибе алмасып тұратындығын айтты.

«Жас Отан» ЖҚ өкілі А.Қонарбаев : «Бүгінгі күні еліміздегі азаматтық институттардың барлығы қоғамдағы келісімнің, бірліктің, елдіктің үздік өнегесін ұстануды мақсат етеді. Бұл Елбасы айтқан «Мәңгілік ел» идеясының өміршеңдігін уақыттың өзі дәлелдегені айғақтайды. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Бес әлеуметтік бастамасы» ел дамуының даңғыл жолы ұлттық құндылықтарды ұлықтау болып табылады. Бүгінгі кездесу алаңы ел келешегінің жарқын жолын, даму жолын талқылауға шақырды. «Біз қазақстандықтармыз!» дегеннің өзі жүрекке жылулық, көңілге мол сенім ұялатты.
Бүгінгі таңда аудандағы Кеңестің жұмысы нақты жолға қойылып, өз тәжірибелерін насихаттап келеді. Бұл кеңес қоғамдық өмірге белсене қатысып отырған ұйымның бірі.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы