Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
«Жасыл ел» - жұмысын бастады
Добавлено: 05.06.2018
қаралды: 71

Бүгін Республикалық «Жасыл ел» еңбек жасағы ауданымызда өз жұмысын бастады. Бұл жұмысты ауданымызда үйлестіруді  Маңғыстау ауданы әкімдігінің «Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі болып белгіленді.

Биыл  республикалық ұйымның ауданымызда басталуы бірінші болғандықтан  100 адам қабылданды.  Бұл ұйым өздерінің жұмыстарын Республикалық «Жасыл ел» жастар марафонының  ережесіне сай жұмысын жүйелі  түрде ұйымдастыруды қолға алды. Казіргі таңда бірінші легі бойынша (поток) аудандық «Жасыл ел» штабында аудан бойынша 35 белсенді жас жұмысын бастап кетті. Шілде айында тағы 35адам, тамыз айында 30 адам жұмыс жасайтын болады. Сонымен барлығы 100 адамды қамтылып отыр Яғни  Шетпе басындағы мектептер мен бір оқу орнынан  әлеуметтік жағдайы төмен отбасы, жетім, жартылай жетім балалары жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Жасыл елдің басты мақсаты оқушылар мен студенттің және жастардың оқу үрдісіндегі бос уақыты мен демалыс уақытындағы еңбекпен шұғылдануын  ұйымдастыру. Ал міндеттері құрылыс және территорияны тазалау, жол салу, ғимараттар салу жұмыстарына көмекші қол ретінде ұйымдастыру. Бұл «тапсырыс» берушінің келісім шарты бойынша жүргізіледі(шарт). Жасыл елдің ауданды жасылдандыру бағдарламасының негізгі жұмыстарына мыналар жатқызылады. Олар арамшөптерді жою, гүлдерді және ағаштарды күтіп, оларды суару,акциялық жұмыстарға қатысу, патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, сондай ақ салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

«Казіргі таңда аудандағы жасылелдіктерді 13 штаб командирі бір жетекші басқарады. Барлығының міндеті ортақ жұмысқа жүйелі қызмет ету. Олардың жасыл елдіктердің  бір айлық жалақысы 35 000 теңгені құрап отыр. Барлық қатысушылар алдымен әлеуметтік анализден өтіп қоғамдық негізде құрылған комиссиядан іріктеуден өткен соң жұмысқа кірісті. Бармақ басты, көз қыстылыққа жол берілмейді. Шамамыз келгенше әлеуметтік жағдайы төмен, мүжәлсіз  отбасы мен жетім және жартылай жетім балалары тартылып отыр. Оқушылар түске дейін 4 сағат түстен кейін төрт сағат яғни 8сағат күні бойы жұмыс жасайтын болады. Сонда биылғы жылы 100 жасты жұмыспен қамтуды қолға алмақпыз.» дейді  «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының аудандық штаб бастығы  Аллаберген Қонарбаев.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы