Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Ұмытылмайды мәңгілік
Добавлено: 31.05.2018
қаралды: 84

Бүгін 1937 - 1938 саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу  күніне орай Маңғыстау аудандық жастар саясаты орталығы және аудандық білім бөлімінің қолдауымен  аудан ортлағындағы Ж.Мыңбаев ескерткіші жанында «Алаш таңы атқанда...» атты митингісі өтті. Шараның мақсаты 1937-1939 жылдары жазықсыз жапа шеккендер  рухына  арнайы Ж.Мыңбаев ескерткіші жанына гүл шоқтарын қою, оларға дұға оқу  рәсімін ұйымдастыру, сондай ақ Қазақстандық патриотизмді насихаттау, Отанды сүюге тәрбиелеу, бірлігі жарасқан Қазақстанның жетістіктерін мақтан ету, тарихты құрметтеуге шақыру. 

Шараға  аудан мектептерінен 100 ге жуық  мектеп оқушылары мен белсенді жастары, мемлекеттік қызметерлер мен ұстаздар қауымы қатысты.  Митингіні аудан әкімі Ж.Айтуаров мырза ашып, бұл күннің  тарихына кеңінен тоқталды. Бұдан соң 1944 жылы жазықсыз сотталған халық ақыны Түмен Балтабасыұлының туысы Төлеп Еменұлы сөз алып жастарға тарихтың сан қилы парақтарын ақтарып, қаз ревкомның тұңғыш төрағасы жерлесіміз Жалау Мыңбаевтың өнегелі өмір жолы мен елеулі еңбектері жайында кеңінен толғап сөз айтты. Осындай шара Тәуелсіздік алаңындағы  Д.Тәжиев ескерткішінде де жалғасын тапты. Оған да ауыл жастары қатысып гүл шоқтарын қойды. Шарада И.Орынбаев пен Ш.Байпақов, «Нұр Отан» партиясы МАФ төрағасының бірінші  орынбасары А.Ордабаевалар сөз алып жастарға бұл күннің салмағын түсіндірді.

Митингіде сондай ақ жастар атынан «Жас Отан» мүшесі жастар сөз алса, оқушы Б.Жұмалиев мектебінің оқушылар бес арыстың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы