Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Жастар ауызашар ұйымдастырды
Добавлено: 28.05.2018
қаралды: 94

Күні кеше ғана яғни 27 мамыр күні исі мұсылманға қасиетті Рамазан айының кешінде аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау аудандық орталық кітапхана, Маңғыстау аудандық аумақтық инспекциясы, аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен Шетпедегі аудандық орталық мешітке және ауыл тұрғындарына ауызашар (ифтар) берілді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед С.Ғ.С хадис шарифінде "Кімде кім ораза ұстай алмаса немесе денсаулығы келмесе ауызашар бергеннің сауабы ораза ұстаған адамның сауабымен тең" деген болатын. Осы ұстанымды ұстаған жастар орталығының ұжымы алғаш рет Ифтар берді. Осы күнге дейін орталық мешіт жанындағы «Иман нұры» жастар ұйымы мен  аудандық Жастар орталығыиың  ұжымы өткен жылдан бастап әр жұма сай  ын аудандағы және  Шетпедегі мүжәлсіз  отбасыларға азын аулық азық - түліктер таратып келеді.  Бұл шараларға Шетпедегі «Ақбөбек», «Шаңырақ», «Әдемі», «Қадірлі» дүкендері және ауыл тұрғындары ауызбірлікпен көмектесіп жүр.

«Жақсының жақсылғын айт нұры тассысын» демекші ауыл жастарыңың бірлігі мен ынтымағы жоғары дәрежеде екендігі осындай шаралардан ақ көрініп тұр.

«Мешіттегі алғаш рет ұйымдастырылған ауызашарда осы аталған мекеме ұжым мүшелері бір адамдай үлес қосып, аталмыш ауызашарға өз септігін тигізіп қол ұшын берді. 
Алла қаласа, амандығын берсе келер жылыда осындай ауызашарды дәстүрлі түрде тұрақты өткізуді жоспарлап отырмыз. Берілген ауызашарымызды Алла тағала сауапқа жазып, қабыл еткей.» дейді шараны ұйымдастырушы Аллаберген Қонарбаев.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы