Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Тағы бір оқу жылын сәтті аяқтадық

Бұл күні еліміздің барлық білім ордаларында соңғы қоңырау соғылып, түлектер алтын ұя мектебімен қоштасты. Оқу жылын аудандағы 21 мектеп 7688 оқушымен бастап, 7676 оқушымен аяқтап отыр. Өткен жылы білім сапасы - 52 пайыз болса, биылғы оқу жылында - 53,5 пайызды құрады. Мектеп бітіруші 404 түлектің  386-сы ҰБТ тапсыруға ниет білдірген.

  Елуінші қарлығаштарын ұясынан ұшырғалы отырған Жармыш орта мектебі соңғы қоңырау салтанатына ерекше дайындалған. Мектеп алаңы мерекеге сай безендіріліп, әсем әуен үздіксіз шырқалып тұрды.

Бұл күнде білім мен ғылым, тәрбие мен тәлімді ту еткен білім ұясынан 25  түлек қанат қағып, балалықтан арылып, үлкен өмірге қадам басқалы тұр. Оның екеуі – «Алтын белгіден», үшеуі – «Үздік аттестаттан» үмітті.

Мерекелік жиынға аудан әкімі Ж.Айтуаров, білім бөлімінің басшысы С.Қалиева және басқа да құрметті қонақтар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Көңілдері алып ұшып, жүздері бал-бұл жанған бітіруші түлектерге аудан әкімі Ж.Айтуаров игі лебізін білдіріп, сәт сапар тіледі.

Мерекелік шарада білім саласына зор үлес қосып, жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбектері үшін мектеп мұғалімдері және ерекше көзге түсіп, жеңіс тұғырынан көрініп жүрген оқушылар аудан әкімінің және білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Әдеттегіше бітіруші түлектер алтын ұяларына ән-жырын арнап, мектеппен қоштасу вальсін биледі.

Осыдан 10,20,30 жыл бұрынғы мектеп түлектері білім биігіне жетелеп, зердесін ашқан, көкірегіне нұр шашқан алтын ұяларына қимас сезіммен қайта оралды. Білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына алғысын білдірген олар мектеп ұжымына естелік сыйлықтарын табыстады. Салтанатты шарадан соң мектеп жанынан орын алған  20-түлектердің арнайы тартуы, жылыжайдың  ашылу рәсімі аталып өтті.  Жылыжайдың лентасын қиған аудан әкімі түлектердің игі ісіне ризашылығын білдірді.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының прокуратурасы mng.prokuror.kz/kaz/sub/mangistau
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы http://mangystau.gov.kz/