Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Зейнеп Ахметова – Отпан тауда.

Бүгін ауданымыздағы «Отпан» тарихи мәдени кешеніне Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, батыр Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова арнайы келді.

Зейнеп Ахметова бастаған  қонақтар алдымен «Отпан» кешенін аралап, өлке  тарихымен танысты. Бұдан соң шара кешен ішіндегі конференц залда ауыл жастарымен тұрғындарының қатысуымен дөңгелек үстел жиынын өткізді.

Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутов, аудандық Жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев, ҚР Спорт қайраткері С.Тілегенов,  ардагер С.Мұңатов  және аудандағы жас мамандары мен колледж студенттері, Жыңғылды мен Тұщыбек ауылының тұрғындары қатысты.

Жиынды жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиында сөз алған Е.Махмутов: «Зейнеп Ахметова – қазақ ұлтының салт дәстүрлерінің жанашыры, жазушы, батыр Бауыржан ағамыздың келіні. Қазақ әйелдерінің эталоны. Бүгінгі жастар Зейнеп апамыздың мәнді де мағыналы әңгімелерін құлақтарына құйып алса өте жақсы болар еді. Өйткені бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер отбасыдан бастау алып отырғаны жасырын емес.» деді. 

Дөңгелек үстелде  Зейнеп Ахметова : «Бүгінгі жастар өздерінің алдымен үлгілі жақтарымен көрінуі керек. Отбасындағы тәлім тәрбие жастардың келешегіне зор ықпал етеді. Тәрбиесіз өскен ұрпақ кез келген ұлттың  болашағына балта шабатын болады. Сондықтан жастарға қарап келешегіміз айқындалып көрінеді. Отбасы инстиуты бүгінгі таңда ең өзекті мәселеге айналды. Неге? Өйткені отбасының қамын ойлайтын әке ақшаны, жанұяның жылуын ойлайтын әйел басқаны  ойлап кетті. Сосын барып жанұялық жүйе бұзылды. Міне бар бәле осыдан басталып отыр.» деді. 

Жиында ақындар Сабақбай Тілегенов пен Кадірбек Тасқаралар Зейнеп апаға арнаған өлең жырларын оқыса, ауыл тұрғындары өз көкейлерінде жүрген сауалдары мен пікірлерін ортаға салды. 

Дөңгелек үстел соңында Зейнеп апайдың оқырмандары жазушы апаймен естелік суретке түсті. 


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының прокуратурасы mng.prokuror.kz/kaz/sub/mangistau
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы http://mangystau.gov.kz/