Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
«Жаңғыру жолы» - жастар үшін!
Добавлено: 18.05.2018
қаралды: 43

Бүгін аудан орталығы Шетпе селосына  Қазақстан Халқы ассамблеясының жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының облыстық штаб мүшелері арнайы іс сапармен келді. Құрамында штаб жетекшісі Айдын Құралбаев, неміс ұлттық этно мәдени  бірлестік мүшесі Пеннер Анастасия,  армян этно мәдени бірлестік мүшесі Георгий Авенесян, сондай ақ беларусь этно  мәдени бірлестігінің мүшесі Ева Величко және «Қоғамдық келісім» мекемесінің  маманы Рахат Әлмен бастаған белсенді жастар алдымен «Көгез» этно ауылында болып, ауылдың тыныс тіршілігімен танысты. Бұдан соң жастар Шетпедегі С.Қондыбай  атындағы облыстық мұражайға келіп дөңгелек үстел жиынын өткізді.

Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутов, аудандық Жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев, «Қоғамдық келісім» мекемесінің аудандағы өкілі Ж.Ермекбаева және ауылдың жас мамандары мен колледж студенттері қатысты.

Жиынды орталық басшысы А.Қонарбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиында сөз алған Е.Махмутов: «Жастар - біздің болашағымыз. Жастарға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп отыр. Олар үшін барлық жағдайлар жасалынуда. Елдегі тұрақтылық пен ынтымақтың бастауы болған Ассамблеяның бүгінгі жұмысы көңіл қуанарлықтай. Біз әрқашан аталмыш ұйымның бастамалары мен  шараларын қолдаймыз.» деді.

Дөңгелек үстелде  сондай ақ  Айдын Құралбаев сөз сөйлеп, аталмыш штабтың аудан, қалаларда да бөлімшелері құрылып, жұмыс жасауы қажет деген ұсынысын білдірді.

Жиында неміс ұлттық этно мәдени  бірлестік мүшесі Пеннер Анастасия,  армян этно мәдени бірлестік мүшесі Георгий Авенесян, сондай ақ беларусь этно  мәдени бірлестігінің мүшесі Ева Величколар сөз  алып  бүгінгі Қазақ елінің бағыты мен Елбасының сарабдал саясатын қолдайтындықтарын білдіріп, ортақ іске бір адамдай жұмылып бірлікте болуға шақырды.

Дөңгелке үстел барысында аудандық балалар өнер мектебінің өкілдері қонақтарға өз өнерлерін паш етіп,  қазақтың қара домбырасымен күй тартып берді. 


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы