Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Исатай Сүйеубаев атындағы турнир

Бүгін Онды ауылында аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық мәдениет және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 9 мамырҰлы Жеңіс мерекесіне орай дәстүрлі «Исатай Сүйеубаев атындағы Кубок» үшін  ауыл жастары арасында шағын футболдан турнир өтті. Аталмыш турнирге ауылдың жастарынан құралған бес құрама командалары қатысып бақтарын сынады.

Дәстүрлі өткізілген турнирдің ашылуына Онды селосының әкімі Балапан Балтабай , жастар орталығының басшысы Аллаберген Қонарбаев құттықтау сөзбен ашты. «Бүгінгі ашық турнир  біздің ауылымызда өтіп жатқаны қуанышты жаңалық болды. Өйткені ауыл жастары спортқа бейім және осындай турнирді көптен күткен еді. Бүгінгі шараның ұйытқысы болған жастар орталығына алғысымыз шексіз. Исатай батырымздың есімін ұлықтау ұрпаққа парыз, келешекке аманат. » деді Б.Балтабай мырза.

Бір күнге созылған спорттық сайыс олимпиадалық стандартпен ойнатылып, тартысты өткізілді. Әсіресе мектеп оқушылары мен Онды ауылының жастар құрама командалары өте тартысты ойын өткізді.

Жарыс болған соң жүлде болатыны сөзсіз. Сонымен жүлделі бірінші орынды және «Исатай Сүйеубаев атындағы Кубокті»  - Онды ауылының «Жастар» құрама командасы, екінші орынды Онды орта мектебінің «Әбіш жастары» командасы, ал үшінші орынды Онды ауылының жастарының «Онды ұландары» құрама командасы місе тұтты. Ал ұйымдастырушылар тарапынан әртүрлі аталымдар бойынша, яғни «Үздік шабуылшы» - Омар Рамазанұлы , «Үздік қақпашы» Алау Есейұлы , «Үздік ойыншы» - Думан  Мұхитов, «Үздік  қорғаушы» Құрманғазы  Дидар иеленді. Қатысқан және жеңімпаз командаларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы  заттай және командаға арналған киімдермен мен дипломдар табысталды.


  • 22.05.2018
    16:47
    18
      Бүгін осындай атпен Шетпедегі ғалым Б.Жұмалиев атындағы орта мектептің спорт алаңында 1 маусым Халықаралық Балаларды қорғау күніне және  Маңғыстау…
  • 21.05.2018
    16:13
    19
    Елбасының бес әлеуметтік бес бастамасы ішінде жастарға кәсіптік бағдар беруді жүйелі жүзеге асыру жұмыстары нақты айтылған болатын. Бүгін аудандағы 14…
  • 18.05.2018
    18:30
    26
    Бүгін ауданымыздағы «Отпан» тарихи мәдени кешеніне Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, батыр Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова арнайы келді. Зейнеп Ахметова…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының прокуратурасы mng.prokuror.kz/kaz/sub/mangistau
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы http://mangystau.gov.kz/