Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Отанды қорғау парызың.
Добавлено: 05.05.2018
қаралды: 120

Бүгін осындай  тақырыпта  Маңғыстау ауданындағы «Отпан» тарихи - мәдени кешенінде әскери патриоттық іс шара өткізілді. Шараның мақсаты – ауыл жастарына патриоттық рухта тәрбие беру, жастарды әскери өмірге шақыру мен насихаттау болып табылады. Шараны аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық білім бөлімі ұйымдастырды.

  Патриоттық шараны аудандық қорғаныс бөлімінің басшысы Нұрлан Таңбаев пен жастар орталығының директоры А.Қонарбаев құттықтау сөзбен ашты. Н.Таңбаев: «Өзіңізге белгілі биыл ел өмірі елеулі оқиғаларға толы жыл болып отыр. Өйткені биыл ҚР Қарулы күштерінің және Қазақстан полициясының құрылғанына 26 жыл. Бұл аз жылы ғана  емес. Осы жылдардың ішінде еліміздің қарулы күштерінде көптеген жаңалықтар орын алды. Бас қолбасшымыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мырзаның тапсырмасына орай еліміздің қарулы күштері мен қорғаныс саласында жаңа техникалар мен әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапты. Сондықтан бүгінгі біздің қарулы күштеріміздің әл қуаты мықты әрі сенімді» деді.

  Шарада Н.Таңбаев пен А.Қонарбаевтар аудандағы жастарға  әскери патриоттық тәрбие бағыты бойынша жұмыс жасап келе жатырған бір топ жастарды марапаттады.

  Бұдан соң Шетпедегі әскери патриоттық клуб мүшелері  әскери саптық жүрістің үлгісін көрсетіп көпшілікті тәнті етті. Бұдан соң «Жас қыран» клубының мүшесі А.Рамазанов АК 74 автоматын шашып, жинау үлгісін көрсетті.

  Шарада жуырда ғана Атырау қаласынан әскерден оралған Нұрсұлтан Абылай және мамыр айында ҚР қарулы күштеріне әскерге барғалы жатырған «Аманат» хатын Ғабит Өтелгенов оқыды.

  Шара соңы жастардың әскери патриоттық концертімен жалғасты.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы