Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Тарих! Тұлға! Туған жер!
Добавлено: 05.05.2018
қаралды: 96

Бүгін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында сондай ақ 9 мамыр Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен  қолға алынған акция  Жармыш ауылында өткізілді. Мақсат – аудандағы көзі тірі ҰОСардагерлеріне құрмет көрсету, онымен кездесу, хал жағдайын сұрау, білу, сондай ақ ауыл ауыл жастарымен кездесіп Елбасының мақаласын кеңінен насихаттау.

Акцияның алғашқы күні жастар Жармыш ауылындағы Даражат Қожановтың шаңырағына келді. 94 жасты алқымдаған  Даражат атаның үйінде жастарды Даражат ата мен бірге  жолдасы «Алтын алқа» иегері Шархат Бегімқұлова әжеміз және  бала келіні мен немерелері қуана қарсы алды.

Жастар  ақсақалмен жүздесіп хал жағдайын сұрасып, шара мақсатымен таныстырды. Даражат ақсақал 1926 жылы Маңғыстау облысының Күркіреуік жерінде дүниеге келді. Бала кезінде 1931 жылы ата анасы Түркіменстанға көшіп кетіп сол жақта мектепке барады. Сол елден Ұлы Отан соғысына аттанып 1947 жылы елге оралады. Солжылдан кейін Алғабас, Чапаев ұжымшарларында жүргізуші, инженер сияқты әртүрлі қызметтер атқарды. 1966 – 1990 жылдары Маңғыстау аудандық өндіріс  басқармасында экономист қызметінде болды. Шархат жеңгей екеуінен  10 бала тәрбиеленді. Бәріде өсіп өнген бақытты жанұя.

Даражат Қосжанов ата: «Мен көзім көрмесе де  Елбасының Жолдауларын үзбей тыңдап, кешегі мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын естіп риза болдым. Нұрсұлтан баламның бастамасы оң болсын. Біз көрген қиындықты ешкім көрмесін.Бастарыңа құдайым ауыртпалық бермесін. Мен әрқашан балаларыма немерелеріме өз ақылымды айтып, кеңесімді аямай отырамын. Аман сау болыңдар. Бізді елеп ескеріп келгендеріңіз үшін рахмет» деп алғысын айтты.

  Қимылы ширақ, әңгімесі тың, санасы сергек Даражат атамыз жастарға ақ батасын берді.

  Жастар одан әрі  ауылдағы  Жармыш орта мектебіне барып ауыл жастарымен мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, акцияның мақсатын таныстырды.

Шара соңында  мектептегі жас көшбасшылар мен еріктілер тобының мүшелері ауылдағы  ҰОС  арналған ескерткіш монументіне барып гүл шоқтарын  қоюмен жалғасты.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы