Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

Жыңғылды ауылы

әкімінің  аппаратыменәзірленді

2018 жыл 13наурыз

Жергілікті қоғамдастық

жиналысының хаттамасымен

бекітілді2018 жыл 13 наурыз

Жергілікті  қоғамдастықты дамыту  бағдарламасы

2018 жыл

Міндеттері

Іске асыру мерзімі

Қажетті қаржы, мың теңге

Қаржыландыру көзі

Орындалуына жауапты

Ескертпе

1

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету

Қаңтар-желтоқсан аралығы

57267,0

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

Жыңғылды ауылы әкімі

2

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

Қаңтар-желтоқсан аралығы

7138,0

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

Жыңғылды ауылы әкімі

3

Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру

Қаңтар-желтоқсан аралығы

4387,0

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

Жыңғылды ауылы әкімі

4

Елді мекендерді көркейту мен абаттандыру

Наурыз-желтоқсан аралығы

636,0

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

Жыңғылды ауылы әкімі

5

Спорттық шараларды ұйымдастыру үшін

Мамыр-қыркүйек аралығы

230,0

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

Жыңғылды ауылы әкімі

6

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

Қаңтар-желтоқсан аралығы

1729,0

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

7

Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындау мақсатына

15736,0

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

8

Жыңғылды ауылында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатырған су жүйесінің жұмысын аяқтату

Қаңтар- желтоқсан аралығы

Республикалық және жергілікті бюджет есебінен

Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі, аудан ауыл әкімдіктері

9.

Жыңғылды ауылында демеушілік көмек арқылы салынып жатырған 4 пәтерлік тұрғын үй құрылысын аяқтату

Қаңтар- желтоқсан аралығы

Жеке тұлға Т.Ермановтың қаржысы есебінен

«Дария» МКК, аудандық ТУКШ жАЖ бөлімі,

10

Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің жанынан ашық спорт алаңын жасау

Қаңтар-желтоқсан айлары

«Кен сары» ЖШС қаржысы есебінен

Мектеп директоры, ауыл әкімі

11

«Құнан ата» қорымы жанынан түнемелік үйін кеңейтіп салы

Наурыз-маусым айлары

Мектеп бітірген 20-жылдық түлектер қаржысы есебінен

Ауыл әкімі

12

«Ақтау-Шетпе» трассасының бойына «Жыңғылды» атауын орнату

Наурыз-Маусым аралығы

Мектеп бітірген 10-жылдық түлектер қаржысы есебінен

Ауыл әкімі

13

Ауылдық мешіт жанынан қосымша шаруашылық нысанын салдыру

Қаңтар-желтоқсан арасы

Ауыл тұрғындары қаржысы есебінен

Мешіт имамы, ауыл әкімі

14

Ауыл тұрғындарының жеке малы өрісте су ішетін скважина қаздыру

Наурыз-желтоқсан аралығы

Ауыл тұрғындары қаржысы есебінен

Ауыл әкімі

Барлығы:

87123,0

  Жыңғылды ауылының  жергілікті

  қоғамдастық жиналысымен бекіген.

  Хаттама №  03.  26 сәуір 2018 жыл

  Жыңғылды ауылы  жергілікті  қоғамдастықты  дамыту

  бағдарламасы

Мазмұны

1 - бөлім. Жергілікті өзін-өзі басқаруды, жергілікті қоғамдастықты  дамыту;

2 - бөлім. Жергілікті қоғамдастықты дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері

Кіріспе

Жыңғылды ауылында жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленді.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту экономикалық өркендеудің, әлеуметтік әл-ауқаттың және азаматтық қоғамды қалыптастырудың басты шарттарының бірі болып табылады.

1 - бөлім. Жыңғылды ауылында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту.

Заманауи әлемде мемлекеттің салауаттығы азаматтардың мүмкіндігін тиімді пайдаланумен айқындалады. Сондықтан көптеген дамыған елдер жергілікті өзін-өзі басқару үлгісін жетілдіруге ұмтылады. Биліктің төменгі деңгейі халыққа барынша жақын, солардан калыптасады, оның бақылауында және халықтың негізгі өмірлік қажеттілігін қамтамасыз ету мәселесін шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқару орынды құрылса тек жергілікті ресурстардың шығыны оңтайланып қана қоймай, сонымен қатар халықтың билікке деген сенімі елеулі түрде артады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару мәселесін регламенттейтін актілер Қазақстан Республикасының

 

  2 

Конституциясы мен «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы қабылданған Заң болып табылады.

2007 жылы Конституцияға жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды халық тiкелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асыратындығы айқындалған толықтырулар енгізілді. Заңнамада әкім мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын да жүзеге асыратыны, ал жергілікті деңгейдегі мәселені талқылау жергілікті қоғамдастықтың тікелей ерікті жиналыстармен (жиындарымен) атқаруға болатындығы белгіленген.

2- бөлім.  Жергілікті қоғамдастықты дамытудың  негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері .

Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, іске асыру кезеңі және күтілетін нәтижелер:

1) ауылдар (селолар), кенттер, аудандық маңызы бар қалалар деңгейлерінде жергілікті қоғамдастық жиналыстар (жиындар) арқылы жергілікті мәндегі мәселелерді шешудегі басқару шешімдерін қабылдаған кезде халықтың қатысуын ынталандыру, мүдделілік пен жауапкершілік арқылы халықтың рөлін арттыру;

2) жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу кезінде басқарудың ауылдық деңгейінің қаржы және экономикалық дербестігін кеңейту.

Іске асыру кезеңі:

2017-2020 жылдар – Жыңғылды ауылында басқарудың жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру.

Күтілетін нәтижелер:

1) жиналыс (жиын) арқылы халықтың еркін білдіру бөлігіндегі жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруды азаматтардың конституциялық құқығын іске асыруды қамтамасыз ету;

  3

2) халықтың рөлін, оның елді мекендерді абаттандыру мәселесін сапалы шешуге қатысуын арттыру, басқару шешімдерін қабылдауға қатысу арқылы сапалы тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді алуға (санитарлық жағдайды, қоғамдық тәртібінді жақсарту) халықтың мүдделілігін жоғарылату;

3) өткізілген ақпараттық-түсіндірме жұмыс арқылы халық арасында өзінің өмірлік іс-әрекетінің маңызды мәселелерін шешуде тұрғындардың азаматтық және саяси белсенділігі арттыру.

  Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі қағидаттары :

1) жергілікті маңызы бар мәселелерді халықтың дербес шешуі;

2) жергілікті халықтың барлық тұрғындарының заңды теңдігі мен

заңды мүдделерінің ескерілуі;

3) жариялылық және тиісті аумақта тұратын халық мүддесіне тікелей

әсер ететін мәселелерді шешу кезінде халықтың пікірімен санасу;

4) жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытудың кешенділігі,

кезеңділігі;

5) мемлекет тарапынан жергілікті өзін-өзі басқаруды жүйелі қолдау;

6) жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің ашықтығы, олардың

бақылауда болуы және халық алдында есептілігі.

  Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тәсілдері

1) жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастыру құрылымдарын құру, олардың өкілеттігін және жауапкершілігін айқындау;

2) жергілікті маңызы бар іс-шараларды қаржыландыру мәселелерін жиналыстардың (жиындардың) талқылауына шығару міндеттілігі ;

3) жиналыстарды (жиындарды) шақыру, өткізу және өкілеттігі мен олардың шешімдерін ресімдеудің тәртібін  сақтау;

4) ауылдық  деңгейде жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарында (жиындарда) қабылданған халықтың бірінші кезекті қажеттіліктері көрініс табатын ұсыныстарды қолданыстағы даму бағдарламаларына қосу;

  4

5) жергілікті халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін  жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, тікелей және түпкілікті көрсеткіштері бар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары, бюджеттік өтінімдерін , бюджет қаражатының  жұмсалуын қадағалайтын бюджеттік комиссия құру;

6) Өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудағы өз құқықтары мен мүмкіндіктерін іске асыру мәселелеріне қатысты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

7) жергілікті өзін-өзі басқару қызметін ұйымдастыру-әдістемелік қолдау, оның ішінде өзін-өзі басқару органдарына кеңес беру, жергілікті өзін-өзі басқарудың өзекті мәселелері бойынша конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу, практикалық тәжірибемен алмасу және басқа;

8) жергілікті өзін-өзі басқаруды ақпараттық қолдау, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың идеяларын, қағидаттары мен міндеттерін халық арасында кеңінен тарату, реформалардың барысы мен проблемалары туралы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызмет етуге қоғамдық бақылау жүйесін құру жөнінде халықтың рөлі туралы ақпараттандыру;

  Жоғарыда аталған шаралар жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде халықтың рөлін арттыруға, шешімдерді қабылдаған кезде азаматтардың қатысуын, мүдделілігін және жауапкершілігін ынталандыруға, мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.

Құрылған қоғамдық құрылымдар елді мекендерде тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің тиісті жұмыс істеуі, санитарлық жағдайды, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз етуге ауыл әкіміне жәрдемдеседі. Сонымен қатар, ауылдың өмірлік іс-әрекетінің жағдайын жақсартуға бағытталған азаматтардың (жергілікті халықтың) қоғамдық-саяси белсенділігі және жалпы елді мекеннің толыққанды әлеуметтік-экономикалық дамуы артатын болады.


  • 22.05.2018
    16:47
    18
      Бүгін осындай атпен Шетпедегі ғалым Б.Жұмалиев атындағы орта мектептің спорт алаңында 1 маусым Халықаралық Балаларды қорғау күніне және  Маңғыстау…
  • 21.05.2018
    16:13
    19
    Елбасының бес әлеуметтік бес бастамасы ішінде жастарға кәсіптік бағдар беруді жүйелі жүзеге асыру жұмыстары нақты айтылған болатын. Бүгін аудандағы 14…
  • 18.05.2018
    18:30
    26
    Бүгін ауданымыздағы «Отпан» тарихи мәдени кешеніне Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, батыр Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова арнайы келді. Зейнеп Ахметова…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының прокуратурасы mng.prokuror.kz/kaz/sub/mangistau
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы http://mangystau.gov.kz/