Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Кәсіптік білім беру - жаңа мүмкіндіктер!
Добавлено: 19.04.2018
қаралды: 40

Бүгін осындай тақырыпта «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының «Сәтті қадам» жобасы аясында Шетпедегі Б.Жұмалиев атындағы орта мектепте «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалы мен аудандық Жастар орталығы, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге серіктес ұйымдар «Атамекен»  ұлттық кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының кеңесшісі Әйгерім Бақтыгелдиева, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Әсел Жұмаханова, Маңғыстау техникалық колледжінің мұғалімі және кәсіптік бағдар беру бөлімінің жетекшісі Алтынгүл Қалымова, жастар орталығының маманы Әлия Сейтназарова мен осы мектептің 9-11 сынып оқушылары қатынасты. 

Жиында Ә.Сейтназарова: «Әрбір оқушының сана-сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы, әртүрлі мамандықтардың ерекшелік сипаттарына қабілеттері бірдей бола бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі - тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты.Мектеп – оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Ал мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын негізінен іске асыратын мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни бүкіл педагогикалық ұжым болып саналады.Мұғалім оқушыларға терең білімді береді, оны кәсіптік бағдар беру жұмысымен байланыстырады, мамандықты таңдауда оларға көмектеседі, әрбір мектеп бітіруші оқушының тағдырына жауап береді, сынып жетекшілеріне, ата-аналарға көмек көрсетеді. Сынып жетекшісі сыныптағы барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты таңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің компоненттеріне сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы, кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік кеңестер беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орнату т.б. Бүгінгі жиынымыздың басты бағыты да сол» деді. Бұдан соң Ә.Жұмаханова: «Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.А.Назарбаевтың  Мәңгілік ел идеясының шеңберінде 2014 жылдан бері «Серпін- 2050: Мәңгілік ел жастары - индустрияға» атты әлеуметтік жоба  жұмыс жасайды. Жобанның басты мақсаты еңбек ресурстарының мол артықшылығы орын алып отырған республиканың оңтүстік өңірінің (Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары) жастарын еңбек ресурстарына сұраныс көп батыс және солтүстік аймақтарда білім алуға жағдай жасап, кейін сол жерлерде жұмысқа орналастыру мүмкіндігін жасау. «Серпін-2050» -  жарқын болашақ жобасы. Бұл оңтүстік өңірдің мыңдаған жас өрендеріне солтүстік, батыс, шығыс  Қазақстанның колледждері мен ЖОО-нда сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Жоба бойынша білім гранттарына ие болған студенттерге жатақхана беріледі және  оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру қарастырылған.Серпін – 2050 әлеуметтік жобасы туралы ақпаратты мына сайттан алуға болады http://serpin.kz/. «Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары - индустрияға»  жобасын жұмысын үйлестіру мақсатында белгілі қоғам қайраткері  Мұрат Әбенов жетекшілік ететін Республикалық Үйлестіру орталығы құрылған. Бүгінгі таңда Маңғыстау ауданынан 17оқушы осы бағдарлама бойынша басқа аймақтарға оқуда. Алдағы уақытта тағы оқуға қабылдау жұмыстары жүргізіледі.» деді. Бұдан соң «Атамекен» ҰКП өкілі Ә.Бақытгелдиева «Жас кәсіпкрелер мектебі» мен «Жаңа кәсіп»атты жобалары жайында баяндамасын оқыды.

  Бүгінгі таңда облыс бойынша 15 кәсіптік бағдар беретін колледждер бар. Оларда 50 ден астам түрлі жұмысшы мамандықтар жастарға дәріс беріледі. Бүгінгі таңда сол колледждерде 5 мыңға жуық студент білім алуда. Осындай бағытта жиындар алдағы уақытта ауданның барлық мектептерінде өтетін болады дейді шараны  ұйымдастырушылар. 


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы