Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің ұтымды жолы!
Добавлено: 03.10.2017
қаралды: 319

  • Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауында  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және себептерін анықтап, жою және  барлық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күресуге белсенді қатысуы қажеттілігіне ерекше мән берілген.
  • Қоғамды  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға қатыстыру және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді анықтау мақсатында, 2017 жылы 19 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, «ЖАСЫРЫН ТҰТЫНУШЫ» әдісімен қоғамдық бақылау жүргізу туралы  тапсырмасы келіп түсті.
  •   Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменттерімен ағымдағы жылдың мамыр-қыркүйек айларында «Жасырын тұтынушы» әдісімен қоғамдық бақылау» жобасы жүзеге асырылды.
  •   Жобаның басты мақсаты қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.
  •   Аталған кезеңде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті және Маңғыстау облысының үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесіп, «Жасырын тұтынушы» әдісімен 60-тан астам қоғамдық бақылау іс-шаралары жүргізілді.
  •   Іс-шаралар барысында мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен айқындалмаған құжаттарды сұрату, қате кеңес беру, ақпараттық тақталардың болмауы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтамауы, сыбайлас жемқорлық белгілері бар әрекеттерге баруы және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы жағдайдың болмауы секілді кемшіліктер мен заңбұзушылықтар анықталды.
  •   Өз кезегінде, Департаментпен кемшіліктер орын алған мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар жолданып, нәтижесінде 21 жауапты қызметкер әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 3 медицина саласындағы қызметкер атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.
  •   Осымен бірге, шара кезінде орын алған өзге де кемшіліктер жойылып, мемлекеттік органдарда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдайлар жасалды.
  •   Атап айтқанда, бірқатар мемлекеттік органдарда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар орнатылып, арнайы қызметкерлерді шақырту тетіктері орнатылды.
  •   Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтің тірегі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер десек те қателеспейтіндігіміз анық. Өйткені қоғам мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қарай отырып, мемлекеттік қызметке деген өз бағасын береді.
  •   Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қаншалықты жақсартуға, оны арттыруға бағытталған шаралар қабылдаса, соншалықты мемлекеттік қызметтің имиджі бұдан әрі дами түсетіндігін іштей сезінуі тиіс.
  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері
  • және сыбайлас жемқорлыққа
  • қарсы іс-қимыл агенттігі
  • Маңғыстау облысы бойынша
  • департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының
  • жетекші маманы Самат Кусаинов


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы