Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

АДАМ - ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті

                                                          АДАМ - ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті

Қазақстан Республикасы Президентінің бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамының 12 қадамында жаңа этикалық ережелерді енгізу белгіленген.

Әдептілікадам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы.

Осы тұрғыда 2015 жылы 29 желтоқсанында мемлекеттік қызметшілерінің моральдық – адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексі қолданысқа енгізілді.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенім білдіреді.

Бабаларымыз адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады деген.

Осыған орай, Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілер - адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіс.

Сонымен бірге, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуі қажет.

Алайда, кейбір мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп Кодексінің талаптарын сақтауға құлықсыздық танытып отырғанын көруге болады.

Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.

Сонымен бірге, Әдеп кодексі Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізуімен де ерекшеленіп отыр.

Қазіргі таңда, облысымыздағы жергілікті атқарушы органдарда Әдеп жөніндегі уәкіл болып, Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Айтжан Нұрбек Хамзаұлы тағайындалып, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды, олардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдауды және басқа да функцияларды жүзеге асыру бағытында қызмет атқарып келеді.

Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.

Қызметтік әдеп нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа, әр түрлі құқық бұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа жағдай туғызады, сондай-ақ тәртіптік шара қолдануға алып келеді. 

Мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын мінсіз сақтау қызметтегі бағалауда және ілгерілеуде оң әсерін тигізеді.

Осыған негізделе еліміздегі қызмет етіп отырған Агенттіктің бастамасымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының жадынамасы бекітілді.

Бұған қоса, Агенттікпен мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және жауаптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс деген негізбен, мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімі туралы негізгі ұсынымдарын бекітіп, қызметшілер назарына ұсынды.

Сонымен бірге, Агенттік тарапынан мемлекеттік қызметшілерге әдеп қағидаларын жеткізу мақсатында «Мемлекеттік қызметтегі Әдеп (Этика на госслужбе)» атты мобильдік (ұялы телефонға Appstore. Android және Windows store платформасына жүктеу қолжетімді) қосымша әзірленді.

Осы қосымшада мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандартарының жадынамасы, мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімі туралы негізгі ұсынымдары, Әдеп жөніндегі уәкілдер туралы ақпараттар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейін анықтау бойынша тест сұрақтары қамтылған. 

Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.

Долдашев Нурбол Амангелдиевич

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 

қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау  облысы 

бойынша  департаментінің мемлекет қызмет

саласын бақылау басқармасының басшысы


  • 20.11.2017
    18:39
    3
    Биыл сәуір айында жарияланған  Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында жуырда аудандық мәдениет үйінде  өлкеге белгілі педагог, ұстаз…
  • 20.11.2017
    17:32
    2
    Бүгін осындай атпен Шетпедегі «Айналайын» балабақшасында  «Қолдау Қазақстан» үкіметтік емес ұйымы мен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен салауаттылық спорттық іс…
  • 17.11.2017
    10:22
    2
    Бүгін осындай тақырыппен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні  қарсаңында және 17 қараша Халықаралық студенттер күніне орай  аудандық жастар ресурстық орталығы…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының прокуратурасы mng.prokuror.kz/kaz/sub/mangistau
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы http://mangystau.gov.kz/