Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

АМАЛ КЕЛДІ ЖЫЛ КЕЛДІ

                                                                                                                                      АМАЛ КЕЛДІ ЖЫЛ КЕЛДІ

Бабадан қалған мұрамыз – салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай сақтау – біздің парызымыз. Қашаннан қазақ үшін қастерлі саналған Қарашаңырақ бой көтерген Отпан тауда жыл сайын Амал мерекесін қарсы алу – тінін үзбей келе жатырған әдемі дәстүрге айналды. Осы үрдісті кең байтақ жеріміздің түкпір түкпіріндегі ағайындар да қолдап, өз тілеулестігін білдіріп келеді. Биылғы Амал мерекесіне де санаулы күндер қалды. Оны өткізу міндеті Тәзіке руының азаматтарына жүктеді. Айта кету керек, биыл ынталы топтың бастамасымен Отпан таудағы Амал мерекесін келер 2018 жылдан бастап тойлаудың жаңа Ережесі бекітілді.

Маңғыстау облысы «Адай ата – Отпан тау» тарихи-танымдық этно-мәдени орталығының түпкі мақсаты — ұлт бірлігі мен тұтастығын, қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеу, зерттеу, жастарға үлгі ету; ұлттық шежіре, Қарашаңырақ ұғымы негізінде қалыптасқан ұлт санасындағы қандастық, туыстық, бауырластық сезімді ояту; ұлттық тарих, халық, ата-баба рухы алдындағы перзенттік, болашақтың алдындағы әкелік парыз-міндеттерді салт-дәстүрмен байланыстыру; танымдық, өркениеттік талап-тілектер мен заманауи қажеттіліктерге байланысты өзекті мәдени іс — шараларды ұйымдастыруға бұқаралық сипат беру. Адай ата – қазақы Қарашаңырақ ұғымының алтын қазығы. Қазақ Атаның кенжесі. Ұлттық шежіреміздің желісінде қалыптасқан осы киелі қағиданы Адай ата ұрпақтары бүгінгі таңға дейін абыроймен жалғастырып келді. Отпан тауда Амал мерекесін атап, ас-садақа беріп, алты Алаштың өткені мен болашағының құрметі үшін дұға бағыштап, тілек тіледі. Маңғыстаулықтар және үш жүздің қазағынан келген өкілдер сан мәрте бірге отырып, дұға жасады, бата қылды, бір қазаннан — қарақазаннан дәм татты. Ұлттық салт-дәстүр шеңберіндегі қазақы туыстық сезімді ояту деп жүргеніміздің өзі де осындай амалдардың жиынтығынан құралады.

Аса күрделі бұл шараларды Адай атаның сегіз бірдей ұрпағы кезек-кезек өз мойындарына алып, жауапкершілікпен атқарды. Игілікті іске Елбасынан бастап күллі қазақ елінің зиялы қауымы, жалпы бұқара, билік өкілдері тілекші болды, көмектесті. Мәдени нысандар салынды. Осының барлығы болашақ ұрпақ пен ата — баба рухын сабақтастырудан туған ниет, ұлттық тарих пен қарапайым қағидаларды дәнекерлеудің амалы. «Адай ата – Отпан тау» этно — мәдени орталығы 2007 жылы ашылды. Міне, содан бері он жыл өтті… Отпан — ордалы тұғырға айналды. Бұдан былайғы жерде Адай ата кесенесінде, Отпан тауда, Қарашаңырақ пен қарақазанда жүз мыңдаған адамдардың ақ тілегі мен батасы, дұғасының киесі бар екендігін ескеріп жүруге тура келеді. Баршасына Алланың нұры жаусын!

Қазаққа ортақ ар мен намыстың, мақсат пен мүдденің аясында үш жүздің азаматтары бірге тұрып, Ұран от жағу рәсімін жасады. Санасы ояу алаш азаматтары Маңғыстау халқының қазақы дәстүр мен салтқа және әлемдегі қазақ ұлтының ынтымақ- ықыласына деген пейіл – махаббаты мен ынта — жігеріне куә болды


  • 24.03.2017
    17:18
    9
        Ұлық мереке – ұлыстың ұлы күнінде Маңғыстау ауданының орталығында өткен Наурыз тойын көргенде арманда, көрмегенде арманда болды. Орталық алаңға…
  • 21.03.2017
    11:20
    17
                                                                                      Облыс әкімі Ералы Тоғжанов ауданымызға іс – сапармен келді   Халықтың хал жағдайымен танысуға ауданымызға Маңғыстау облысы әкіміі Ералы…
  • 17.03.2017
    19:34
    39
                                                              АДАМ - ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті Қазақстан Республикасы Президентінің бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамының 12…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының Үкiметi www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының прокуратурасы mng.prokuror.kz/kaz/sub/mangistau
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы http://mangystau.gov.kz/