Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Құрметті Маңғыстаулықтар!
Добавлено: 31.12.2019
қаралды: 668

Санаулы сәттерден соң ескі  жыл сырғып, тарих қойнауына енеді. Жаңа жылды әрбір жан ерекше көңілмен, зор үмітпен қарсы алады.
Жаңа жыл - өткенге көз жүгіртіп, саралап, келешекке жарқын жобалар құруға мүмкіндік береді.
Биыл Маңғыстау өлкесінде халықаралық деңгейдегі ауқымды іс-шаралар жоғары дәрежеде өткізілді. Жоспарлы  жұмыстар жемісті жүзеге асты.
Өңірдің экономикалық  өсімінде оң көрсеткіштер орын алып, өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі айтарлықтай ұлғайды. Ең алдымен, халықты  тұрақты табыс көзімен қамту бағытында  қарқынды жұмыстар атқарылды. Инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асырылып, облыс аумағында мыңдаған бос жұмыс орын құрылды.
Әрине халқымыздың әлеуметтік жағдайына оң ықпал  ететін бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар іске аса бастады:

1)Тоғыз жол торабындағы түбекте тоғысатын магистральды желілер сапасы  жақсартылды.
2) Шалғай ауыл, жырақ елді мекендерге инженерлік инфрақұрылым желілері  тартылып, жол салынды.
Өңірдегі құрылыс қуатты қарқын алды. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында және барлық қаржыландыру көздері арқылы 1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы дамып, кәсіпкерлік өрісті өркендеді. Әлеуметтік салада оң көрсеткіштерге қол жеткіздік.
Биыл киелі өңірдің рухани өмірінде де аса бір серпінді оқиғалар  орын алды. Өздеріңізге мәлім, сұңғыла сөз сүлейі, кемел ой иесі, дарабоз дарын Әбіш Кекілбайұлы мен қазақ поэзиясының патшайымы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Осындай игі шараның жоғары дәрежеде өтуіне өздеріңіздің де қосқан үлестеріңіз зор.
Спортшыларымыз да әлемдік додаларда топ жарып, Маңғыстаудың мәртебесін биікке көтерді. Соның ішінде боксшымыз Бекзат Нұрдәулетов әлем чемпионы атанып, күллі Қазақ Елінің мерейін асырды.
Алдымызда жаһан жарысы Токио Олимпиадасы тұр. Бапкерлеріміз бен спортшылармызға алғысымды айта отырып, сәттілік тілеймін! Өздеріңізге мәлім, Елбасы Жарлығына сәйкес биыл – «Жастар жылы» деп жарияланған болатын. Маңғыстау жастары биылғы жылды жоғары жетістіктермен қорытындылап, өркенді бастамалар мен озық идеяларды тәжірибе жүзінде іске асырды. Алдағы Еріктілер жылында жігерлі жастардан зор үміт күтеміз!
Ардақты ағайын!

Өлкенің  өрісті өркендеуіне әрқайсыңыздың өзіндік үлестеріңіз бар. Сондықтан ел игілігі жолында күнделікті аянбай еңбек етіп, өңірімізді көркейтуге атсалысқан, ілтипат пен абыройға бөленген барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін. Құрметті маңғыстаулықтар!

Жаңа жылда Сіздерге игілік пен ізгілік, дендеріңізге саулық шаңырақтарыңызға бақ пен береке тілеймін!
Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры қашан да берік, туы биік болсын! Киелі Маңғыстау елінің ырысы  мен ырзығы арта бергей! Жаңа жыл құтты болсын!


Аудан әкімі
Көшмағанбетов Тілек Жеткізгенұлы