Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Облыс әкімі Серікбай Трұмовтың Маңғыстау ауданына жұмыс сапары
Добавлено: 19.10.2019
қаралды: 211

Бүгін облыс әкімі Серікбай Трұмов Маңғыстау ауданына жұмыс сапары барысында Жыңғылды ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауылдың даму жоспарымен танысты. Тұрғындар өңір басшысына ауылдағы бірнеше мәселені баяндады. Соның бірі спорт зал мәселесі. Ауылда бірнеше спорт шеберлерін қорғаған, шет елдерден жүлделі орындарды иеленген жастар бар. Алайда, ауылдағы спорт алаңының өте шағын болуына байланысты, олардың спортпен еркін шұғылдануына кедергі келтіріп отыр. Осыған орай, тұрғындар жаңа үлкен спорт алаңын салып беруді сұрайды.

- Қазіргі таңда жаңа спорт залдың жобалық-сметалық құжаттамасы жасалынып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Спорттық кешен салу күн тәртібінде тұр, - деп атап өтті аймақ басшысы.

Сонымен қатар, тұрғындар ауылға қоқыс полигоны мен клуб қажет екенін атап өтті.

- Ауылдың тарихи атауы Жыңғылды аталуы да бекер емес. Сол себепті, ауылдан жаңа саябақ ашып, ішіне жыңғыл өсімдігін егуді жоспарлап отырмыз. Осыған орай, саябақтың айналасын қоршап беруіңізді сұраймыз, - дейді ауыл тұрғыны.

Осыдан кейін өңір басшысы «Жыңғылды-Шайыр-Шерқала» автожолының құрылысымен танысты. 29 шақырымды құрайтын жолды қайта құрылымдау жұмыстары өткен жылы басталып, 2020 жылдың қараша айында пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

- Жобаның жалпы құны 2,6 млрд.теңгені құрайды. Өткен жылы бөлінген қаражатқа «Жыңғылды-Шайыр» бағытындағы тас жолдың негізі дайындалды. Ал, осы жылы бөлінген қаражатқа 10 шақырым жерге асфальт төсеу жұмыстары жасалынатын болады, - дейді мердігер мекеменің өкілдері.

Облыс әкімі жұмыс сапары барысында Тұщыбек ауылындағы Естөре Оразақов атындағы туберкулез санаториясының да жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың желтоқсан айында толық пайдалануға беріледі. Туберкулез сырқатына шалдыққан науқастарды оңалтуға арналған орталыққа биыл 7000-ға жуық емделуші қаралған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға аз. Облыстық шипажай науқастарды тегін жолдама арқылы емдейді.


Аудан әкімі
Көшмағанбетов Тілек Жеткізгенұлы