Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
«Парасатты полицей» байқауы өз мәресіне жетті
Добавлено: 06.09.2019
қаралды: 498

Маңғыстау облысында Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өткен «Парасатты полицей» дәстүрлі оныншы республикалық байқауы өз мәресіне жетті.

ҚР Ішкі Істер Министрлігінің бастамасымен өткізілген байқаудың мақсаты – ішкі істер органдарында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, полицейлерді Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, сондай-ақ полиция мамандарының мәртебесін көтеру болып табылады.

Биыл «Парасатты полицей» байқауына әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған 21 команда қатысты. Олар түрлі творчестволық тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің алғырлықтарын, актерлік шеберліктерін көрсетті.

«Парасатты полицей» байқауының қорытындысында әділ қазылар алқасының шешімімен үшінші орын 3 командаға, атап айтсақ, Солтүстік Қазақстан облысының «15-өңір», Жамбыл облысының «Тараз қырандары» және Ақмола облысының «Көше сақшылары» командаларына бұйырды. Екінші орынды Шымкент қаласының «Мегаполис» пен Ақтөбе облысының «Серт береміз» командалары өзара бөлісті. Ал, жүзден жүйрік шығып, жүлделі бірінші орынға Көліктегі Полиция департаментінің «Көлік сақшылары» командасы ие болса, республикалық байқауда ең үздік өнер көрсеткен Алматы облысының «Жетісу арландары» командасы бас жүлдені иеленді.

Номинациялау кезеңінде «Актерлік шеберлігі үшін» номинациясымен Батыс Қазақстан облысының «Жетінші аймақ» командасы, «Тілі басқа, тілегі бір» номинациясымен Павлодар облысының «Сарыарқа сақшылары» командасы, «Көркем сөз шебері» номинациясымен Қостанай облысының «Алаш ұлы» командасы марапатталды. ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының «Полиция ажары» командасы «Ұйымшыл команда» номинациясымен табысталса, Қызылорда облысының «Сыр сарбаздары» командасы ерекше өнерімен «Өнерлі команда» атанды. Атырау облысының «Елдің баласы» командасы ерекше көзге түсіп «Көрермен көзайымы» номинациясын жеңіп алды.

Сонымен қатар, облыс әкімі Серікбай Трұмов барлық жеңімпаздарды құттықтап, байқауда мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда белсенділік танытып, өнер көрсеткен 8 командаға Маңғыстау облысы әкімінің атынан алғыс хаттар табыстады. Олар: Шығыс Қазақстан облысының «Алтын Алтай», Түркістан облысының «Түркістан қырандары», Нұр-Сұлтан қаласының «Елорда», Алматы қаласының «Полиция жастары», ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының «Алатау қырандары», ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының «Қабылбаев ұрпақтары», ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы заң институтының «Бөкенбаев барыстары», Қарағанды облысының «Алаш айбыны» командалары марапатталып, жетекшілеріне де арнайы сыйлықтар табысталды.


Аудан әкімі
Көшмағанбетов Тілек Жеткізгенұлы