Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Маңғыстау ауданы әкімдігі бос лауазымдық қызметке ашық конкурс жариялайды
Добавлено: 27.11.2019
қаралды: 143

КОНКУРС

Маңғыстау ауданы әкімдігі бос лауазымдық қызметке ашық конкурс жариялайды:

Маңғыстау аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің «Маңғыстау аудандық ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры

    Қызметтік міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық, құқықтық-экономикалық қызметіне басшылық ету, кәсіпорынның Жарғысына сәйкес кәсіпорынның тиімді және тұрақты қызметін қамтамасыз ету.

  Кәсіпорынның міндеттері: Кәсіпорын алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін, келесі қызмет түрлерін іске асырады: аса қауіпті аурулардың, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізеді; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады; жергілікті халықтың сиырлары мен қошқарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет көрсету; жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларының ветеринариялық препараттарын жеткізуде қызмет көрсету сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асырады; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жергілікті атқарушы органдармен салған мал көмінділері (биотермиялық шұңқырларды) мен мал сою алаңдарын ұстауды; қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады.

    Біліктілік талаптары: жоғары кәсіби білім (жоғарғы ветеринариялық білім), кәсіпорынның бейім саласының басшысы лауазымдарында кемінде 5 жыл қызметтік өтілі.

  Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

    1) он сегіз жасқа толмаған;

    2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

    3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

    4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексін» (Жалпы және Ерекше бөлімдер), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттеуші нормативтік құқықтық актілерін білуі.

    Конкурсқа қатысушы төмендегі құжаттарды конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде конкурстық комиссияға табыс ету тиіс:

     1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

    3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

    4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

    5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

    6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

  Конкурс 2019 жылдың  23 желтоқсан күні сағат 1500-де Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, «Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Орталық алаң, №2 үй мекен-жайы бойынша өткізіледі. Анықтама телефоны: 21286, факс: 22221


Аудан әкімі
Көшмағанбетов Тілек Жеткізгенұлы