Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА СУЙЦИДТІ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ САҚТАНУ, ҚАТІГЕЗДІКТІ АЗАЙТУ.
Добавлено: 08.11.2019
қаралды: 11

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА СУЙЦИДТІ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ САҚТАНУ, ҚАТІГЕЗДІКТІ АЗАЙТУ.

Бүгін осындай тақырыпта Шетпедегі ғалым Берекет Жұмалиев атындағы орта мектепте "Нұр Отан" партиясы МАФ және аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің, аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен жиын өтті.

Жиынға партия өкілі Айжана Қуатова, аудандық Қоғамдық Келісім Кеңесінің төрағасы, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Аллаберген Қонарбаев және Жергілікті Полиция Бөлімшесінің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Есетов, мектептің директор орынбасары Бибігул Жакупова, осы аталмыш мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Шара барысында А.Қонарбаев сөз алып оқушылардың эмоционалды-тұлғалық ресурстарының, позитивті ойлаудың, оқу іс-әрекетінде мақсаттарды қою және саналы мінез-құлықтың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Н.Есетов жастарға аудандағы жастар арасындағы суйцид пен қылмыстылық жайында ақпараттарды жан-жақты таныстырылды. Н.Есетовтың айтуынша өткен жылы екі суйцид Өтес пен Жыңғылды ауылында тіркелсе, биылғы жылы бір суйцид тағы да Жыңғылды ауылында тіркелген болып шықты. Ауылдарда мектеп психологтарының жұмыстарын күшейту керектігін ескертті Н.Есетов.

Жиында А.Қонарбаев : "Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенер болсақ, әлемде суицидтен жылына 1 жарым миллион адам көз жұмады. Оның 76 проценті табысы орта және төмен елдерде жасалса, 60 проценті Азия мемлекеттерінде орын алады. Біздің елде де бұл проблема өткір мәселелердің қатарында, әсіресе жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткіші жоғары болып тұр. Атап айтқанда, Қазақстанда өзіне қол жұмсайтындардың саны 48,1 процентті құрайды. Бұл көрсеткіш Түркіменстанда 15,8 процент, Өзбекстанда 13,6 процент, Қырғызстанда 13,4 процент. Тәжікстанда төменірек – 7,2 процент. Қазақстанда суицидтің және суицидке талпыну әрекеттерінің тереңде жатқан себептерін анықтаған зерттеулерге сүйенсек, 90 пайыз жағдайда жасөспірімдер арасындағы суицид психикалық денсаулықтың нашарлауымен тікелей байланысты. Қоғамның дертіне айналған осы олқылықты жайттың алдын-алу мақсатында бүгінгі шараны өткізіп отырмыз" деді.

Шара соңында жастар өздерін мазалаған сауалдарын қойып нақты жауаптарын алды.


Аудан әкімі
Көшмағанбетов Тілек Жеткізгенұлы