Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Шеберлік сыныбын өткізді.
Добавлено: 07.11.2019
қаралды: 10

Шеберлік сыныбын өткізді.

Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығының «Коворкинг» алаңында Елбасы, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тағылымы терең шара ұйымдастырылды.

Мағыналы шарада «Zhas project» әлеуметтік жастар жобасыныңы жеңімпазы, белгілі дизайнер, тігініші, жас кәсіпкер – Индира Бекенаеваның «Ұлттық қолөнер - ұлт байлығы» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.Шараны ұйымдастырған Маңығстау аудандық Қоғамдық келісім кеңесі мен аудандық Жастар ресурстық орталығы.

Өлке қолөнершілер және дизайнерлер қауымдастығының белсенді мүшесі Индира Бекенаева өткізген шеберлік сабағына 18 - 35 жас аралығындағы онға жуық ауылдыңқыз келіншектері қатысты. Кездесу барысында әр қатысушыға белгілі тігіншімен еркін сұхбат алуға, сйөлесуге мүмкіндік туды.

– Шеберлік сыныбы қай тұрғыдан алып қарастырсақ та, аса қажетті шара, – дейді шараны ұйымдастырушы Аудандық Қоғамдық Келісім кеңесінің төрағасы, Жастар орталығының басшысы Аллаберген Қонарбаев. – Шеберілк сыныбында жастар үшін машықтану және студенттер үшін арнайы курс бойынша қазақ ұлтының ұлттық қолөнер шеберлігі және бұрынырықтаәжел аналарымыз киген өңіржиек, тұмаршық, білектас сияқты ұлттық бояуы қанық өнер түрлеріне қатысты сабақтар жүргізілді. Сол сабақтар ауданның әр түкіпірнен келген әртүрлі жастағы қыз келіншектер үшін жалпы танымдық деңгейін көтеруге тигізер әсері зор болмақ.

«Армандары биік қыз - келіншектермен сырласу, әңгіме дүкен құру мен үшін өте әсерлі болды. Олардың бойларынан аталған өнер түріне деген ерекше құштарлықты көріп қатты қуандым. Бүгінгі шеберлік сабағына келген жастардың көптігі, елімізде осынау ғаламат өнерге деген қызығушылықтың күн санап артып келе жатқанын аңғартады. Менің қолым көп тие бермейді және де мені шақырушылардың өте көптігіне байланысты уақытым тапшы. Алайда, әр келген сайын шабыт алып кетемін. Жастардың жігеріне қарап қазақ өнері болашақ дизайнерлер мен қол өнершеберлерінің өсіп келе жатқанына көзім жетті», – дейді Индира Бекенаева.

Шеберлік сабақ соңынан дизайнер И.Бекенаевадан сертификаттар берілді.


Аудан әкімі
Көшмағанбетов Тілек Жеткізгенұлы