Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАРЫ ЖОҚ АУЫЛ
Добавлено: 30.10.2019
қаралды: 25

ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАРЫ ЖОҚ АУЫЛ

«2019 - Жастар жылы» аясында аудандық жастар орталығының тың жобалары ауыл жастары үшін өте жақсы ұйымдастырылуда. Сол жобалардың бірі «Ауылдар - жастар астанасы» жобасы аясында «Әкім және жастар» атты ауыл жастарының ауыл әкімдерімен кездесулері ашық форматта өтуде.

Сондай кездесу жуырда ауданға қарасты Шебір ауылының әкімі Нұрбол Нұрбосыновпен өтті. Сол кездесуге ауыл жастарымен бірге ерікті жастар корпусының мүшелері, «Жас Отан» ЖҚ - ның мүшелері және орталық басшысы А.Қонарбаев қатысты.

Кездесуді аудандық жастар орталығының басшысы, «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі А.Қонарбаев ашып, жүргізіп отырды. Жастармен кездесуде Н.Нұрбосынов ауыл жастарымен ашық форматта емін - еркін әңгімелесті.

Кездесуде жастар ауылға, қоғамға қатысты сұрақтарын қойды. Маңғыстау облысындағы ауылдар ішінде жұмыссыз жастары жоқ ауыл осы Шебір ауылы екенін біреу білсе біреу білмейді. Нұрбол Сүйнсінұлы жастармен бірінші рет кездесіп отыр. Шебір ауылында 1544 ден астам түтін бар. Он жылдан астам ауыл әкімі қызметінде келе жатырған Нұрбол Сүйесінұлының ауылдастары үшін жасаған еңбегі ерен. Әсіресе ауыл жастары үшін жабық және ашық футбол алаңы, мәдениет үйі, сияқты обьектелірдің тазалығымен оны күтіп баптап ұстауы, ауылдағы көшелердің тазалығы аббатандыру шаралары ерекше.Бұл шаралардың барлығы әкімнің басты назарында және де ауыл әкімінің жұмысқа деген жауапкершілігі жоғары деген сөз.

Жастармен кездесуде Н.Нұрбосынов өзінің еңбек жолы мен өмір жолы, жұмыстағы жауапкершліктер, қоғамдағы көзқарастар жайында өз ойларын ортаға салды.

«Мақтанышпен айтуға болады бізде бірде бір жас жұмыссыздықта тіркелмеген. Ауыл жастарына екі қолға бір күрек жұмыстар өте көп. «Жұмыссызбын» деген жасты көрсем жалқаулық деген сөз есіке түседі. Бүгінгі күні жастарға жұмыс қалада да далада да көп. Қалада көлік жүргізуші болып наныңды табасың, ауылда құрылыс немесе шөп орып еңбек етуге әбден болады. Ең бастысы ниет керек деп ойлаймын. Ауыл құдайға шүкір облыстағы ең бай және малы көп ауыл қатарында. Биыл Жастар жылы аясында өткен шаралар көп. Жоспарларым да жоқ емес. Ауыл жастары үшін келешекте жастар паркін ашуды қолға алғым келеді, бұйырса бәрі де болады» дейді Шебір ауылының әкімі Нұрбол Сүйесінұлы .


Аудан әкімі
Көшмағанбетов Тілек Жеткізгенұлы