Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
ҚАРТЫ БАР АУЫЛ ҚАЗЫНАЛЫ...
Добавлено: 30.10.2019
қаралды: 22

ҚАРТЫ БАР АУЫЛ ҚАЗЫНАЛЫ...

Ел басының "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" мақаласына және де биылғы Жастар жылына орай «Ауылдар жастар астанасы» жобасы аясында Шебір ауылында аудандық жастар ресурстық орталығының өткізуімен ауыл әкімдігінің қолдауымен «Қарты бар ауыл қазыналы...» атты кездесуі өтті.

Ауыл жастарымен кездесу үшін өлкеге белгілі тракторшы, ауданның Құрметті азаматы, ҚР ауыл шаруашылық саласының құрметті қызметкері – Жарылғап Таменов арнайы келді. Кездесуде жастар ұстазға өз сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Кездесуді журналист А.Қонарбаев жүргізіп отырды.

Кездесуде Ж.Таменов ауылшаруашылық саласы мен ауыл өмірі, жастар мәселесі жайында жан - жақты айтып берді.

Жарылғап Таменов - 1944 жылы Шебір ауылында дүниеге келді. Өлкеге танымал тракторшы механизатор . 1956 – 2006 жылдар аралығында Шебір ауылындағы шаруашылықтарда тракторшы, механизатор болып ерен еңбек етті. 2012 жылы Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы атағын иеленді. Бұл күнде зейнет жасында, Шебір ауылында тұрады. 7 баланың әкесі, 14 немеренің атасы.

«Бүгінгі таңда мен зейнет жасындамын. Осы күнге дейін ауыл шаруашылық саласында аянбай еңбек еттім. Мен бала кезімде трактор деген көлікке қатты қызықтым. Содан 14 жасымнан тракторға отырдым. 1962 жылы Таушықтағы СПТУ оқыдым, сосын жүрігузші куәлігін алып ауылдағы колхоз бен совхоздарда тракторшы болып жұмысқа кірдім. Шебірдегі шөп ору, оны пішендеу сияқты жұмыстарды өзім атқардым. Ал кәзіргі жастар ол жұмыстарға жолағысы келмейді. Ауылда жұмыс жасаудан қорқады. Таң қаламын жастарға.» дейді

Кездесу жастар үшін танымдық бағыттағы тарихи сәттегі керемет көңілді өтті.


Аудан әкімі
Көшмағанбетов Тілек Жеткізгенұлы