Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Қадірлі менің қарттарым.
Добавлено: 01.10.2019
қаралды: 31

Қадірлі менің қарттарым.

      1- қазан - Халықаралық қарттар және мүгедектер күні.  “Ата – ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес” деген ата – баба сөздері текке айтылмаған шығар. Қазақ елі жетім көрсе желбіреп, ет жүрегі елжіреген халық емеспе? Қарт адамдар халық құрамындағы әлеуметтік топ. Бағзы заманнан қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа ұштасқан өмірлік мақсаты ел бірлігіне, жер тұтастығына бас-көздік, халықтың бірлігі мен ынтымақтастығын берік дәнекерлеу, ұлттық бай рухани қазынаны шашау шығармай сақтау және молайта түсу еді. Олар қай кезде де осы міндетті жүзеге асыруда көсемдік танытты, бекзаттық пен мәрттіктің рухы бола білді.

       Өскелең ұрпаққа үлкенге құрмет көрсету, патриоттық тәрбие беру мақсатында, жыл сайын дәстүр бойынша қазан айында  өткізілетін Халықаралық қарттар күні  аясында Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы және «Жас Отан» жастар қанатының белсенді жастарының бастамасымен  «Қадірлі менің қарттарым....» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.

      Акция аясында Жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев және белсенді жастар Шетпе селосындағы  жалғызбасты және де мүгедек қарттардың үйлеріне арнайы бас сұқты.

     Жастар алдымен Шетпедегі Базарлы ауылының тұрғыны,1 топ мүгедегі, тыл және еңбе ардагері Спанғали Байдуллаевтың үйіне барды. Спанғали ата 82 жасты алқымдаған қарт. Отбасында өзі тұрады. Село әкімі М.Мүталлапов пен орталық басшысы А.Қонарбаев ақсақалды мерекесімен құттықтап, деніне саулық басына амандық тілеп азық түлікпен, қол ұшын созып көмектесті.

       «Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала жағасындағы құрақ” емес пе, бұл тұтас бір құрылған отбасы деген институт, кей шақтарда бұрыс жолға кете барады. Өмірдің өткінші, өкінішті түсінбеушіліктерінің нәтижесінде өмірде отбасының өз мәртебесін жоғалтатын сәттері, күнәсіз жандардың жанын жабырқап алатыны да аз емес. Өмірдің биігінен құламағын.  Бүгінгі шарада ардагерлер мен қарттарды мерекелермен құттықтаймын.» дейді белсенді жас Ақтан Асылбекұылы.


Аудан әкімі
Көшмағанбетов Тілек Жеткізгенұлы