Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні ауданымызда жоғары дәрежеде аталып өтілді.
Добавлено: 30.08.2019
қаралды: 36

Маңғыстауа ауданында Конституция күні мерекесі кең көлемде мерекеленді. Түске дейін 50 балаға арналған балабақша ашылса, түстен кейін "Әр қазақ менің жалғызым!" акциясы аясында салынған 4 пәтерлі тұрғын үйдің үшеуі пайдалануға берілді. Мәдениет үйінде өткен мерекелік салтанатты шарада аудан әкімі Т.Көшмағанбетов аудан тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтап, ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген бір топ аудан тұрғындарына алғыс білдірді. Мұнан соң, аудан тұрғындарының ауызбірлігін тағы бір мәрте паш еткен акцияның мәреге жетуіне байланысты елдік іске атсалысқан кәсіпорын басшылары мен жекелеген азаматтар марапатталды. Баспаналы болған Білжанов Құдайберген, Төлеуова Ақдариға, Құрманиязова Кідірсін сахна төріне көтеріліп, көпшілікке шынайы алғыстарын жеткізді. Сондай - ақ "Әр қазақ - менің жалғызым!" атымен асарлатып үй салу эстафетасы қарашаңырақтан жас аудан Мұнайлы ауданына жолданды. Аудан өнерпаздарының мерекелік концертін тамашалаған көпшілік, тұрғын үйдің лентасын қию рәсіміне куә болды. Аудан әкімі Тілек Жеткізгенұлы баспаналы болған бүлдіршіндердің қуанышын еселеп, мектепке баруға қажеттіліктерді өтеуге жететін қаржылай көмек берді. Шашу шашқан ақ жаулықты аналар мен бата - тілегін арнаған ақсақалдар баспаналы болғандардың шаңырағындағы алғашқы қонақ болды. 

Аудан әкімі
Көшмағанбетов Тілек Жеткізгенұлы