Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
АТА ЗАҢЫМ - АРДАҒЫМ.
Добавлено: 28.08.2019
қаралды: 48

АТА ЗАҢЫМ - АРДАҒЫМ.

       Бүгін Шетпедегі Маңғыстау аудандық жастар орталығының "Coworking" алаңында 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай "Ата заңым - ардағым" атты аудандағы білікті заңгерлермен, әділет саласы қызметкерлерімен аудан жастарының кездесуі өтті. Аталмыш кездесуге Маңғыстау ауданының әділет басқармасының басшысы - Ауданбаева Ғазиза Айдынқызы, Маңғыстау аумақтық сот орындаушылар басшысы Қанбаева Тілекші Сатыбалдықызы және аудандық орталық кітапхана директоры Гүлжамила Қасымова сондай - ақ заңгерлік мамандығы бойынша оқып жүрген студенттер мен "Жасыл ел" еңбек жасақшылары қатысты. Жиынды Жастар ортлағының басшысы Аллаберген Қонарбаев ашып жүргізіп отырды.

      «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына жолдаған «Қазақстан – 2050» ауқымды стратегиялық бағдарламасы, оны толықтыратын «Нұрлы жол» –болашаққа бастар жол» бағдарламасы, сондай-ақ, Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосуға жетелейтін бес институттың реформасы және оны жүйелі түрде жүзеге асыруға бағыттайтын «100 нақты қадам» бағдарламасының орны бөлек. «100 нақты қадам» ұлт жоспарында заңның үстемдігін қалыптастыруға ерекше мән берілген. Ал заңның үстемдігіне қол жеткізуде Ата Заң маңызды рөл ойнайтыны айтпаса да белгілі. Осыдан 28 жыл бұрын Ата Заңымыз, әрбір азаматтың конституциялық құқын танытатын негізгі құжат қабылданды. Онда 130-дан астам этнос пен 17 діни конфессия өкілдері бейбіт ғұмыр кешіп жатқан бөлінбес елдің тұтастығы айқындалды. Конституция ережелерін басшылыққа ала отырып, ұлы далада жаңа мемлекет, жаңа қоғам, жаңа экономика құрылды» деп атап өтті А.Қонарбаев.

      Аудан жастарына білікті заңгерлер еліміздегі әділет, заң саласындағы жаңалықтар мен өзгерістер, Ата заң туралы түсініктер туралы жан - жақты айьып берді. Шара соңында жастар сауалдарын қойып жауаптарын алды.


Аудан әкімі
Көшмағанбетов Тілек Жеткізгенұлы